Волейболдан жарыс өтті

0
92

 

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Ұшқын ауылдық округінде волейболдан жарыс өтті. Волейбол жарыстары – халықты жақындастыратын, белсенді өмір салтын насихаттайтын танымал спорт түрі екендігі белгілі.

 

Волейбол жарыстарына қатысу командалық рухты, спорттық дағдыларды және қатысушылардың дене дайындығын дамыту үшін маңызды екендігін айқын. Мұндай іс-шаралар қоғамда спорттық белсенділік пен салауатты өмір салтын насихаттайды.

 

Волейбол жарыстары да қатысушылар арасындағы достықты нығайтып, спорттық атмосфераны қалыптастыруға көмектеседі. Олар әртүрлі жастағы және тәжірибесі бар адамдарға өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетуге және бәсекелестік рухтан ләззат алуға тамаша мүмкіндік бола алады.

Мұндай спорттық іс-шаралар облыстағы спорт мәдениеті мен спорттық жетістіктерді дамытуға ықпал етеді.

 

Сайыстың өтуіне Ұшқын елді мекеніндегі №20 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің түлектері түрткі болды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спорттық сайысты бұл жолы 1986-1987 жылы туылған мектеп түлектері қолға алды. Спорттық шараға Ұшқын ауылдық округінің әкімі Олжас Саттаров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Ұшқын ауылдық округіндегі жастардың ұйымшылдығы көз қуантарлық. Бүгін мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы волейболдан жарыс өз шымылдығын түрді. Аудан басшысының бұқарылық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде көптеген спорттық сайыстар ұйымдастырылуда. Жастардың спортпен айналысуына да кең мүмкіндіктер қарастырылған. Ауылдық округі орталығындағы орталық алаңымыз жөндеуден өтіп, жастар бос уақыттарын тиімді өткізуде. Сонымен қатар, осы секілді сайыстардың да ауыл жастарына берері көп деп ойлаймын. Баршаңызға сәттілік серік болып, шын мықтылар жеңіске жетсін, — деді Олжас Саттаров.

Айта кетейік, тартысты сайыстың қорытындысымен үшінші орынды 1985 жылы туған түлектер иемденсе, жүлделі екінші орынды 1999 жылы туған жастар қанжығасына байлады. Ал бас жүлдені 1996 жылы туған мектеп түлектері алды. Сондай-ақ, жүлделі орын иелеріне арнайы алғыс хаттар мен кубок, медальдар беріліп, демеушілер есебінен жарысқа қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табысталды.