Кітапханалық-танымдық сағат өткізілді

0
320

«Кітап маған тақтан да қымбат». Бүгінде Түркістан облысындағы барлық аудандарда кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында түрлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі кітап оқудан жарыстар ұйымдастырылып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар өткіщіліп жатыр. Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Достық ауылдық кітапханасында «Жан дүниемізді байыту — ең басты құндылық» атты кітапханалық-танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Актанова Ботагөз қатысты. Мақсаты: Жас оқырмандарға жан дүниелері кітап арқылы байыту. Олардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту арқылы кітап оқуға шақыру. Жан-жақты білімі мен ерекше қабілеттерін арттыру болып табылады. Іс – шара соңында оқырмандар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. «Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» — деп Абай атамыз айтқандай, кітап оқудан қол үзбеңіз оқырман. Кітап оқуға құштарлықты арттыру бағытында қолға алынған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.