Байқауда топ жарды

0
93

 

 

Түркістан облысы, Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Төлеби аудандық балалар саз мектебі осы уақытқа дейін талай таланттардың топшысын қатайтып, түлеп ұшырған алтын ұя. Аталмыш білім ұясын тәмәмдаған талай талант бүгінде тек елімізде ғана емес, әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Жуырда Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылындағы Төлеби аудандық балалар саз мектебінде фортепиано бөлімі бойынша арнайы байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты — балалардың шығармашылығын дамыту жолында қолдау көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және жандандыру, байқауға қатысушы окушыларды жаңа шығармашылық жетістіктерге ынталандыру болып табылады. Саз мектебінің оқушылары аталмыш байқауға барын салып дайындалды. Байқаудың жанрлары: Фортепиано, Вокал, Гитара (ансамбль), Баян, аккордеон, Флейта, Саксофон. Оқушылар байқауға барын салып дайындалғаны көрініп тұр. Өте тартысты өтті. Фортепиано бөлімі арасында жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылар орындар бойынша марапатталды. Фортепиано жанры бойынша: Кіші топ аралығынан:  Бас жүлде — Ауелбай Абылай 2-сынып оқушысы. Құйқылжыта орындап қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жетекшісі: Пердалиева Угилой. Жетекшісі шәкіртінің өте талантты екендігін айтып отыр. Алдағы уақытта үлкен додаларда топ жаратынына сенімді. Ал бірінші орынды  Мамедова Сабина 2-сынып оқушысы иеленді. Жетекшісі: Григорьева Ирина Михаиловна. Қуанышбек Айзере 2-сынып оқушысы 2 –орын. Жетекшісі: Алдиярбек Азиза. Мадуан Айбибі 1-сынып оқушысы — ІІІ-орын. Жетекшісі: Алдиярбек Азиза. Жарылқап Дария 2-сынып оқушысы Ынталандыру сыйлығын иеленді. Жетекшісі: Алдиярбек Азиза

Қайырбек Әсем 1-сынып оқушысы Ынталандыру. Жетекшісі: Көпжанов Арман Нуралиева Айару 2-сынып оқушысы – Ынталандыру. Жетекшісі: Пердалиева Угилой. Орта топ аралығынан: Мейірбек Жаһангир 4-сынып оқушысы — Бас жүлде. Жетекшісі: Алдиярбек Азиза. Серикбай Арсен 4-сынып оқушысы І-орын. Жетекшісі: Пердалиева Угилой. Оспанова Амира 4-сынып оқушысы ІІ-орын. Жетекшісі: Алдиярбек Азиза. Ускен Коркем 3-сынып оқушысы ІІІ-орын

Жетекшісі: Алдиярбек Азиза. Саттар Інжү 1-сынып оқушысы Ынталандыру

Жетекшісі: Дүйсебаева Мақпал. Үлкен топ аралығынан: Меирбек Санжар 6-сынып оқушысы — Бас жүлде. Жетекшісі: Алдиярбек Азиза. Турдалива Нургуль7-сынып оқушысы ІІ-орын.  Жетекшісі: Пердалиева Угилой

Сухорукова Виктория 6-сынып оқушысы. Жетекшісі: Григорьева Ирина Михаиловна ІІ-орын. Ментай Елнұр 4-сынып оқушысы Жетекшісі:

Исаева Роза Шакировна Ынталандыру. Вокал жанры бойынша:

Кіші топ аралығынан: Бауыржан Жансу 1-сынып оқушысы — Бас жүлде. Жетекшісі: Жақсыбай Нұрдәулет. Талғат Диас 1-сынып оқушысы — ІІ-орын.

Жетекшісі: Жақсыбай Нұрдәулет. Мұрат Нұрдәулет дайындық сынып оқушысы ІІ-орын. Жетекшісі: Меңтай Темірғали. Флейта, Саксофон, Аккордеон, Гитара жанрлары бойынша Кіші топ аралығынан:

Мадуан Айғали 2-сынып оқушысы, аккордеон сыныбы [І-орын]

Жетекшісі: Исаева Роза Шакировна. Мамедова Сабина 2-сынып оқушысы, аккордеон сыныбы [ІІ-орын]. Жетекшісі: Григорьева Ирина Михаиловна

Клещукова Ксения 1-сынып оқушысы, аккордеон сыныбы [ІІІ-орын]

Жетекшісі: Григорьева Ирина Михаиловна. Исмаилова Мэйри, Адильбекова Ақбота Кіші топ гитарашылар ансамбльі [І-орын]. Жетекшісі: Элесова Азиза

Орта топ аралығынан: Сатымбек Ағзам 3-сынып оқушысы, саксофон сыныбы [Бас жүлде]. Жетекшісі: Сапарбек Әмірхан . Көпбаев Ақжүрек 4-сынып оқушысы аккордеон сыныбы [І-орын]. Жетекшісі: Исаева Роза Шакировна

Клещуков Ярослав 4-сынып оқушысы аккордеон сыныбы [ІІ-орын]. Жетекшісі: Григорьева Ирина Михаиловна . Төлеби аудандық балалар саз мектебінің ұстаздары мен оқушыларына өнерлері өрге жүзіп, алдағы уақытта әлемдік додаларда топ жарады деген сенім басым.