Топ жарған тарландар

0
124

 

Бүгінде Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында спорт саласы мықты дамып келеді. Спорттың барлық саласы бойынша жетістіктер жетерлік. Жуырда Шардара аудандық мәдениет үйінде Ұлттық спорт түрлерінен «Жыл үздіктері» атты шара өтті.  Жалпы үздіктер көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату ұлттық спорт түрлері бойынша марапатталды.  Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, сөз сөйледі.  «Жалпы Шардара ауданы кез келген спорт түрінен жаман нәтиже көрсетіп жүрген жоқ. Өздеріңізге мәлім, біздің аудан чемпиондар жері деп айтылады. Ауданда 120-дан астам Әлем чемпиондары тұрада. Бұл көрсеткіш дүниежүзі бойынша ешбір елдің бір ауданынан шықпаған.

Бүгінгі күні ауданымызда да ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді.

Осында отырған баршаңыз оған куәсіздер. Бүгінгі таңда ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық спорт түрлерінің дамуы мен насихатталуына үлкен қолдау көрсетілуде. Сондықтан ұлттық спортымызға үлес қосып жүрген әрбіріңізге ерекше алғыс айтқым келеді.»- деді Б.Шомпиев.

Құттықтау сөзден соң 2023 жылдың Үздіктері марапатталды.

Атап айтқанда: Базарбаев Ибрагим Мусалимович Құсбегі (Жаттықтырушысы). Халбай Әмірхан Жусыбекұлы Асық ату (Жаттықтырушысы).  Жүсіп Дархан Есімханұлы Аударыспақ (Жаттықтырушысы). Андагелді Жанкелді Сәрсенұлы Қазақ күресі (Жаттықтырушысы).  Аждурлиев Тұрар Валиұлы Тоғызқұмалақ (Жаттықтырушысы). Сейіткерімов Нұрәділ Таттібекұлы Аударыспақ (Спортшы). Айдекен Нұрдана Аманкелдіқызы Қазақ күресі (Спортшы). Жазұзақ Диас Ілиясұлы Тоғызқұмалақ (Спортшы). Халберген Абуәли Жанатұлы Асық ату (Спортшы). Қайрат Алімбайұлы Көкпар (Ардагер шабандоз). Мұрат Қуанышұлы Көкпар (Ардагер шабандоз). Абдіқадыров Қадыр Алтынбекұлы Көкпар (Шабандоз). Түзелов Рысбек Шүренбайұлы Көкпар (Шабандоз). Ибрагимов Алтынбек Тәңірұлы Көкпар (Шабандоз). Ерімбетов Бақдәулет Нұржанұлы Көкпар (Шабандоз). Тәшкенбай Бақберген Төлбасыұлы Көкпар (Шабандоз). Абдуразақ Рамазан Ескендерұлы Көкпар (Жас шабандоз). Тілегенов Нұрболат Алтынбайұлы Көкпар (Ат бегі). Ақжігітов Мейрамбек Арыстанұлы Атбегі (Үздік сәйгүлік «Парламент»). Жұмабек Қабланбек Райымбекұлы Атбегі (Үздік сәйгүлік «010 Торы»). Тұрсынов Береке Мұратұлы Көкпар (Төреші). Алдағы уақытта шардаралық спортшылар бұдан да биік межені бағындырады деген сенім басым.