Әдеби таныстырылым кеші ұйымдастырылды

0
336

 

 

 

Биыл қазақтың біртуар, ұлы тұлғаларының ғасырлық мерейтойлары тойланбақ. Осыған орай бүгінде Түркістан облысындағы аудан, ауылдарда мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Айтулы ақын Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай әдеби сағаттар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр. Әбділда Тәжібаев – Қазақстанның көрнекті халық жазушысы, ақын, драматург. Ол жалпы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.

 

«Сыршыл да, сыншы ақын» тақырыбындағы әдеби сағат оқырмандарды Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығымен, тұлғасымен таныстыруға мүмкіндік беретін тамаша бастама. Іс-шарада оның өлеңдерін оқу, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелер, сондай-ақ шығармаларын талқылау және талдау болды.

 

Мұндай іс-шаралар қазақ әдебиетінің дәстүрін сақтауға және жалғастыруға көмектеседі, сондай-ақ жас ұрпақтың кітап оқуға, әдебиетке деген қызығушылығын оятады. Олар да Әбділда Тәжібаев сияқты қазақтың дарынды жазушылары мен ақындарын дәріптеуге өз үлестерін қосуда.

 

Әдеби сағат сәтті өтіп, қатысушыларды жаңа әдеби жаңалықтар мен шығармашылық дамуға шабыттандырды деген сенім басым.Түркістан облысына қарасты Cозақ аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Сыршыл да, сыншыл ақын » тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Мақсаты Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқушыларды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу болып табылады. Іс — шара Тәкен  Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат лицейінің мектеп кітапханасында өтті.

Кітапханашы Н.Абдуллаева «Поэзияға айналған адам» атты тақырыбында жасалынған кітап көрмесіне шолу жасап, ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар Жаманқара Диана, Әбдібек Сүйрік, Рахымжан Марина ақынның өлеңдерін оқыды. Кітапханашы Н.Абдуллаева ақынның ұлағатты шумақтарынан үзінді оқыды. Оқушылар еркін форматта кітаптармен танысты. Бұдан кейін, Үлгілі ауылы филиал 14 кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Шуағын шашқан ақын» тақырыбында поэзия кеші өткізілді. Мақсаты Әбділдә Тәжібаевтың патриоттыққа шақырған, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқушыларды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу болып табылады. Мәдени кеш тамаша өтті. Оның өлең жырмен өрнектеліп тамаша өтуіне оқушылардың барлығы да атсалысты.

ХХ ғасырдың елуінші жылдардағы қазақ ауылы мен мектеп өмірін суреттейтін «Менің атым Қожа» фильмі әліге дейін үлкен де, кіші де сүйсініп көретін классикалық кинолардың бірі. Ол жазушы Бердібек Соқпақбаев 1957 жылы жазған «Менің атым Қожа» повесінің желісімен түсірілген. Шығарманың бір ерекшелігі – кейіпкерлері мен оқиғаларының көп есінде жеңіл жатталып қалатыны.

Созақ аудандық балалар кітапханасында 2024 жылы «Бір ел — бір кітап» акция аясында таңдалған көрнекті қаламгердің туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби таныстырылым кеші ұйымдастырылды.

Іс шара барысында Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушылары сынып жетекшісі Бахтиярова Гүлмира «Менің атым Қожа» киносынан үзінді көрініс ұсынды.