Саятшылықты дәріптейтін шара өтті

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қазақ халқының ұлттық ойындары мен ежелгі салт дәстүрлерін дәріптеуде ұдайы алғы шепте. Жуырда орталықтың ұйымдастыруымен Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы, Кеңесарық ауылында «Өмір салты – саятшылық» атты ауқымды этнотанымдық шара өткізілді. Бұл ауқымды этнографиялық шараның ұйымдастырылғаны тамаша. Мұндай шаралар халықтың бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін сақтауға және көрсетуге мүмкіндік береді.
Саятшылық ауыл өмірінің символы болып табылады және терең тарихи және мәдени тамыры бар. «Өмір салты — саятшылық» этнографиялық іс-шарасы өткеннің атмосферасына енуге, дәстүрлі өмір салтын, қолөнерді, саятшылықпен байланысты әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар өткен ұрпақтардың білімі мен тәжірибесін сақтауға және беруге көмектеседі, сонымен қатар халықтың бірегей мәдениеті мен мұрасына назар аударады. Олар сондай-ақ өз тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімін оятып, әртүрлі ұрпақтар мен ұлттардың ортақ құндылықтар төңірегінде топтасуына мүмкіндік береді.
Осындай ауқымды этнографиялық шараның Кенесарық ауылында өткенін керемет әсерге бөледі өйткені тау бөктерінде орналасқан ауылдың табиғаты тамаша. Саятшылық құруға барлық мүмкіндік бар. Сондай –ақ, , мәдени мұраны, салт-дәстүрді сақтауға, насихаттауға үлес қосатын мұндай бастамалар жалғасын табатыны сөзсіз.
Саятшылық өнері қазақ даласында бағзы кезеңдерден бері қалыптасып, дамығаны белгілі. Бүгінде осы ұлттық саятшылық дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, салт-дәстүрді берік ұстанып, дәріптеп жүрген, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттердің өнерін насихаттау мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы, Кеңесарық ауылында «Өмір салты – саятшылық» атты ауқымды этнотанымдық шара өткізілді.
Бұл шараның саятшылардың шеберлігін арттыруда, құсбегілік, тазы жүгірту секілді саятшылық өнерін насихаттауда маңызы зор. Шара барысында шырғаға тазы жүгіртіп, бүркіт салу, баптау жолдары және «Сыралғы» дәстүрі көрсетілді. Құсбегі, тазы баптаушы Жомарт Кеуенов, атбегі Сейдолла Жомартұлы, Мұхаммед Талғатұлы шараға қатысқан көпшілік пен «Төлеби отбасылық үлгідегі» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне, Кеңесарық ауылының, Б.Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына саятшылық өнері мен ондағы ырым-тыйымдар жайында әңгіме өрбітіп, өнерлерін көрсетті. Жасөспірімдерді батылдылыққа, ептілікке, жомартыққа, ер жігітке тән жеке қасиеттерін жетілдіруге үйрететін аталмыш іс-шараға Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Б.Спанов және орталық қызметкерлері, белгілі журналистер Бақтияр Тайжан, Әбдімәлік Ағыбай, Ерсұлтан Әмірбек және режиссер Батырхан Дәуренбеков, «Айғақ», «Ontustik», телеарналарының, «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті» газетінің тілшілері және жергілікті Қасқасу ауылдық округінің әкімі Мейіржан Сейфоллаұлы қатысты.
Шараға жалпы қақпан құрып, аң аулауға қызығатын, дала дәстүріне құрметпен қарап, қазақтың ұлттық құндылықтарын қадір тұтатын алпыс шақты адам қатысты. Танымдық шара барысында көпшіліктің байырғы салттан бүгінге жеткен саятшылық өнеріне қызығушылықтары артты десек артық айтқандық болмас. Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.