Дәрігерлер спортта да алғы шепте

0
76

 

 

Республикалық футзалдан чемпионатта Түркістан облысының атынан Сарыағаш аудандық орталық аурухананың қызметкерлері қатысып, жеңіске жетті. Республикалық турнир нәтижесі бойынша командалалар арасында аудандық орталық аурухананың қызметкерлері III орынға ие болып, Охап Ахмет “Үздік сұрмерген” номинациясымен марапатталды.

 

Сарыағаш аудандық орталық аурухана ұжымының шағын футболдан республикалық чемпионатта қол жеткізген жетістігі аудан үшін ғана емес облыс үшін де мәртебе. Республикамыздың түкпір түкпірінен жиналған кіл мықтылардың арасында мұндай жарыста үшінші орын алу – тамаша нәтиже және команданың таланты мен спорттық шеберлігін көрсетеді.

 

Сондай-ақ Охап Ахметті «Үздік сұрмерген» номинациясын алу үлкен жетістік болып  отыр. Бұл оның керемет гол соғу қабілетін және оның команданың жетістігіне қосқан үлесінің маңыздылығын мойындау. Республикалық деңгейде үздік сұрмерген атану – шын мәнінде тамаша жетістік.

 

Мұндай жарыстарға қатысу спорттық дамуға ғана емес, сонымен бірге командалық рухты, ынтымақтастықты және салауатты өмір салтын қалыптастырады. Сарыағаш аудандық орталық аурухана ұжымы осы қасиеттерді тамаша танытып, Түркістан облысының атынан лайықты өнер көрсетті.

 

Командаға және Охап Ахмет алдағы жарыстарда бұдан да үлкен табыстар мен жеңістерге жетері сөзсіз. Спортқа деген құштарлық пен жаттығудағы табандылық жаңа жетістіктерге жетелеп, басқаларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен белсенді айналысуға шабыттандырары анық.

Айта кетсек, «Қазақстандық футбол әуесқойлары дәрігерлер» қоғамының медицина қызметкерлері арасындағы футзалдан I Қазақстан чемпионаты. Турнирға еліміздің 12 өңірінен келген медицина қызметкерлері бақ сынасты. Сайыс өте тартысты өтті. Адам емдеуден алғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандар спорттан да құр алақан еместігін көрсетті.