Арулар сайысы өтті

Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры биік ел. Арғы ата балаларымыздан жалғасын тауып келе жатқан дәстүрді бүгінгі жас өскіндер жалғастыруда. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен, әдепті ырым — тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Осы орайда Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты жеңгелер мен арулар сайысы өтті. М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен шараның мақсаты қазақ халқының үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде отбасылық дәстүр мен қазақ қызына тән адамгершілік, имандылық сынды асыл қасиеттерді қалыптастырып, халық өнегесін үйрету болды.
Өңірде «Өнерлі қыз, өнегелі келін» атты келін мен арулар байқауының өтуі тамаша. Мұндай шаралар қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауда, сондай-ақ отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қалыптастыру мен нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Қазақ халқының ұлы мәдени мұрасымен таныстыру – жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуының маңызды аспектісі. «Өнерлі қыз, өнегелі келін» байқауы қазақ қызының бойындағы имандылық, имандылық, отбасы құндылықтарын құрметтеу сияқты асыл қасиеттерді ерекше атап өтуге мүмкіндік береді.
Мұндай іс-шаралар мәдени мұраны нығайтуға және насихаттауға, сондай-ақ өз тамыры мен дәстүріне деген мақтаныш пен құрметті қалыптастыруға көмектеседі. Олар жастарға өз мәдениетін жақсырақ түсінуге және бағалауға көмектеседі және оларды осы құндылықтарды сақтауға және болашақ ұрпаққа беруге шабыттандырады.
Осындай айтулы шараның М.Әуезов атындағы орта мектепте өткені, қазақ халқының мәдени мұрасын сақтауға, дамытуға үлес қосатын мұндай байқаулар алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.
Сайысқа жеңгесі мен қайынсіңлісі жұптасқан сегіз жұп қатысып, бақтарын сынады. Шараға қатысушылар ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптарымызды бейнелеп, дәстүрімізді түрлі көріністер арқылы түсіндірді.
Маңызы зор тағылымдық шараға қатысқан «Amanat» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Еркеғали Таңатаров, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Айнұр Сыздықәлі, аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы Мейрамкүл Тұрлыбек, төрайым орынбасары, әжелер алқасының мүшесі Белгібай Мәрия, «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қалдан Байжұман сайысқа қатысушыларға қазылық етіп, сайыс ережесіне сай лайықты бағаларын берді.
Халқыңа деген құрмет оның салт-дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал, дәстүр өмір сүру салты арулар мен жеңгелерінің бойында қаншалықты деңгейде сақталғаны сайыс барысында аңғарылып тұрғандай. Дәстүрімізге сай киіну үлгісі, әдеп-ғұрыптар мен салтымызды танып білуі жан-жақты бағаланды. Сайысқа түсуші аруларымыз, қазіргі кезде ұмыт бола бастаған «Ерулік», «Бастаңғы», «Қымызмұрындық» секілді салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртқандай әсер қалдырды.
Өте жоғары деңгейде өткен іс-шара соңында салтымызды сақтап, дәріптеуге атсалысып, сайысқа түскен қыз бен жеңгелер топтарының жетекшілері, қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сыйапат жасалды.