Ауған соғысы ардагерлеріне арнап концерт қойды

0
146

 

 

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына биыл 35 жыл толып отыр. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауыл округінің жетекші маман-Әскери есеп столы инспекторы Р.Тілләбай жене «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскері мен ауылдың талантты жастары С.Сейфуллин білім ошағының оқушылары Нурақбаев Нуриддин және Жұмаділлә Асылжан қатысып, арнайы сый-құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оқушылар ардагерлерге арнап көшпелі концерт ұйымдастырды.

Ардагерлеріміз өзінің жадында қалған естеліктерімен бөлісті. Гитараның сазды әуенімен патриоттық әндер шырқады.

 

Оқушылардың  Ауған соғысы ардагерлеріне концерт беруі – тамаша әрі құрметті бастама. Ауған соғысы ардагерлеріне көрсеткен қызметтері мен құрбандықтары үшін терең алғыс пен құрмет көрсету үшін концерт қойды. Бұл жұртшылыққа өз ризашылығын білдіріп, олардың қосқан үлестерінің елеусіз қалмағанын көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Концерт соғыстан кейін әртүрлі қиындықтарға тап болған  ардагерлерді қолдауға бағытталды. Музыка мен оқушылардың қойылымдары позитивті атмосфераны құруға, рухты көтеруге және ардагерлерді шабыттандыруға көмектескені сөзсіз. Концерт оқушыларға Ауған соғысының тарихы мен ардагерлердің өз елін қорғаудағы рөлі туралы көбірек білуге ​​​​мүмкіндік беретін тәрбие көзі бола алады. Бұл да тарихи жадының сақталуына және өскелең ұрпаққа жеткізуіне ықпал етеді. Әлеуметтік инклюзия: Мұндай оқиға ұрпақтар арасындағы байланысты нығайта алады және әлеуметтік инклюзияға ықпал етеді. Ардагерлер өздерінің қызметі мен тәжірибесін жастар бағалайтынын және құрметтейтінін сезіне алады. Тұтастай алғанда, оқуышлар ұйымдастырған Ауған соғысы ардагерлеріне арналған концерті ардагерлерге деген құрмет, қолдау және құрмет көрсетудің тамаша тәсілі болып табылады.

 

Оқушыларымыздың толғандырып жүрген сұрақтарына да жауап беріп көз жасына ерік беріп минуттық үнсіздік болды. «Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек»-деп ауған соғысының батыры сөз қозғап,бата тілегін, ақылын айтып өтті.

Қазіргі таңда Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азамат ағалар еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етіп, өз үлестерін Отан үшін қосуда. Үкіметіміз ардагер ағалардың ерлігін ескеріп, жеңілдіктер жасап келеді. Ал біздер, Тәуелсіз елдің жарқын болашағымыз. Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармауға міндеттіміз.

 

Ауған соғысы туралы мәліметтер 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы. 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000–ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000–дайы мүгедектер қатарында. Отан үшін жанын пида етіп, азаматтық борышын абыроймен өтеген барлық қандастарымыздың есімі тарихта алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты күн болып қала бермек. Батырларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалмайды. Оқушылардың ардагерлер үшін ұйымдастырған концертіне ардагерлер алғыстарын жаудырды.