Жаңа белестерді бағындырады

0
91

 

 

Түркістан облысында паралимпиадалық дзюдо қарқынды дамып келеді. Соңғы әлетте дәл осы спорт түрінен спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр.

Жуырда Асылхан Жүсіпов – Түркістан облысының Паралимпиадалық дзюдо федерациясының Президенті болып сайланды Түркістан облысында паралимпиадалық дзюдоның дамуы жаңа белеске көтерілетіні сөзсіз. Бұл Түркістан облысының Паралимпиадалық дзюдо федерациясының президенті болып Асылхан Жүсіповтің сайлануы туралы тамаша жаңалық. Оның жетекшілігімен спортшылар осы қызықты спортта жаңа белестерді бағындырары айқын. Жүсіпов Асылхан Әліпбекұлы — 1987 жылы 6-шы наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.

Білімі — 1993 жылы қыркүйек айында Түркістан қаласының №1 орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2004 жылы аталған оқу орнының 11-сыныбын бітірді.

2004-2008 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеттің «Заңгер» мамамдығын тәмамдаған. 2008-2009 жылдары әскер қатарына шақырылып Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы 6506 бөлімінде әскери борышын өтеген.  Қазіргі таңда жеке кәсіптің иесі атанып, облысымыздың көркейюне мол үлес қосып жүрген азамат.

Спорт саласынан жеткен жетістіктері де жетерлік.  2001 жылы жасөспірімдер арасында Қазақша күрестен Қазақстан Республикасының қола жүлдегері, 2003 жылы жасөспірімдер арасында Дзюдодан Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері, 2004 жылы жасөспірімдер арасында Самбодан Қазақстан Республикасының чемпионы, 2006 жылы жастар арасында Дзюдодан Қазақстан Республикасының қола жүлдегері, 2009 жылы самбодан өткен әскер аралық жарыстың Қазақстан Республикасының чемпионатының чемпионы және 2-ші дәрежелі «Қайсар» орденімен марапатталған.

Алдағы уақытта Асылхан Әліпбекұлы Түркістан облысының пара дзюдо бөлімінің дамуына үлкен үлес қосып, спортшылардың әлемдік аренада топ жаруына ықпал ететін болады.