Байдарканы бағындырған ару

Ольга Шмелева – Түркістан облысының байдаркада есу бөлімінің спортшысы
Жетістіктері жетерлік. Түркістан облысында байдаркамен есу спортында дарынды спортшының болғаны қуантады. Бұл спорт үлкен күш, төзімділік пен шеберлікті талап етеді және осы саладағы жетістіктер ерекше назар аударуға тұрарлық. Ольга Шмелева алдағы уақытта да өзінің жетістіктерімен қуантады, ал оның жетістіктері басқа да жастарды байдаркамен айналысуға шабыттандырады деген сенім мол. Оның қол жеткізген нәтижелері көп әрі спорттағы мансабында сәттіліктер көп болатыны сөзсіз. Өйткені спортшы осы уақытқа дейін біраз белесті бағындырып үлгерді. Мәселен, 2023 жылы Қытайдың Ха нчжоу қаласында өткен 19 жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылы маусымның 11-17 аралығында Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасының екі дүркін жеңімпазы, 2023 жылы сәуірдің 16-21 аралығында Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Алдағы жоспарлары да жоғары 2024 жылы сәуірдің 18-21 күндері Жапонияның Токио қаласында Лицензиялық іріктеу жарысына қатысады. Ольга Шмелеваның болашаққа осындай өршіл жоспарлар қойып отыр. Жапонияның Токиода қаласында Лицензиялық жарысқа қатысу — байдарка спортында мансапты ілгерілетуге және жаңа биіктерге жетуге үлкен мүмкіндік береді. Оған осы шараға дайындықта сәттілік, байқауда мықты өнер көрсету және, әрине, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестер көп. Оның еңбекқорлығы мен таланты осы маңызды жарыста оған лайықты табыс әкелері сөзсіз.