Үздік ойыншылар анықталды

0
87

 

 

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауыл округі әкімдігінің қолдауымен және «Отырар спорт клубы» нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» атты ұранымен, Шілік ауыл округінің тұрғындары арасында спорттың волейбол түрінен турнирі өтті.  «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен Шілік ауылдық округі тұрғындары арасында волейболдан спартакиада ұйымдастыру – тамаша бастама. Спорттық іс-шаралар қатысушылардың физикалық дайындығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамды біріктіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі. Турнир сәтті өтті және барлық қатысушылар мен көрермендерге үлкен қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлады. Салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдану әрбір адам үшін өте маңызды болғандықтан, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Турнир С. Құртаев атындағы орта мектебінде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша :

I — орын 2000 жылғы туылған жігіттер. II — орын С. Құртаев.

III — орын М. Шаханов. Үздік команда 2003 – 2004 жылғы жігіттер. Үздік ойыншы Қасқабай Қуанышбек. Үздік қорғаушы Жамалбек Бексұлтан

Үздік шабуылшы Әсет Қайырхандар марапатталды. Шілік ауыл округі спорт нұсқаушысы Нысан Айсұлтан Молдабайұлы алдағы уақытта да аталған бағыттағы жарыстар жалғасын табатынын айтты.