Шахматтан жарыс өтті

0
212

 

 

Түркістан облысына қарасты Сауран ауданының құрылғанына 3 жыл толуына орай, «Қазақ зағиптар қоғамы» мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту, спортты кеңінен насихаттау мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастырып келеді. Оның ішінде мәдени, спорттық жарыстар көптеп өткізілуде. Жуырда аталмыш қоғам спорттың шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және қол күрес түрлерінен жарыс өткізілді. Бұл «Қазақ зағиптар қоғамының» спорт пен мәдениетті дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында түрлі жарыстар өткізу жөніндегі тамаша бастамасы. Мұндай іс-шараларға қатысу физикалық және психологиялық әл-ауқатын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар бұл адамдардың әлеуметтік интеграциясына ықпал етеді. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларды шахмат, дойбы, тоғықұмалақ және қол күресінен жарыстардың сәтті өтуімен құттықтаймыз. Оларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, спорт пен мәдениет әлемінде сенімді қадамдар жасайтыны сөзсіз.

 

Жарыс өте тартысты өтті. Жарысқа қатысушылар жеңіске жету үшін барын салды. Жарыстың нәтижесінде жүлделі орындарға ие болғандар: Дойбыдан І-орын Тилешов Мухаммад. ІІ-орын Шорабаева Иззат. ІІІ-орын Абседов Шахзод. Шахматтан І-орын Сыздықов Ғабит. ІІ-орын Алшимов Сәрсенбай

ІІІ-орын Бабажанов Аваз. Тоғызқұмалақтан І-орын Мирзаева Мухае

ІІ-орын Исабекова Гүлбану. Қол күрестен І-орын Әбдиев Зафаржан

ІІ-орын Мырзаметов Сайлаубек. ІІ-орын Қурманходжаев Болат