«Сахнаның сыршыл шебері» атты мәдени шара өтті

Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен
№15 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында ХХ ғасырда қазақ халқының сахналық жəне кино өнерін биікке алып шыққан тұлғаның бірі Сабира Майқанованың 110 жылдығына орай «Мəңгі өлмес өнер иесі» атты тақырыпта əдеби әңгіме оқырмандар арасында болып өтті. Сәбира Майқанованың қысқаша өмірбаяны мен шығармашылығының тұсаукесері өтті.
Актриса түскен фильмдерден үзінділерді көрсетілді. Сабира Майқанованы еске алуға арналған әдеби-музыкалық композиция қойылды. Актриса жайлы жазылған кітаптар, фотосуреттер және плакаттар көрмесі қойылды. Сәбира Майқанованың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға арналған викторина болды. Атаулы датаны бірлесе атап өту және қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғасын еске алу үшін гимназияның барлық оқушылары, мұғалімдері мен қызметкерлерін осы шараға белсене қатысты. Мәдени шараны өткізудегі негізгі мақсат — актрисаның өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау болып табылады.
Шара барысында Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Мадина Тілекеева оқырмандарға Сабира Майқанованың шығармашылық жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Оның театр тарихымен, оның өсу — өркендеу біте қайнасып, кеңестік қоғам кезеңдерімен бірге сатылап өскенін, драмалық шығармаларындағы ондаған əйел, ана тұлғаларын асқан шеберлікпен сомдағанын тілге тиек етті. Оқырмандар Сәбира Майқанованың шығармашылығына, оның шығармалары арқылы адамдық терең сезімдер мен сенімдерді аша білуіне тәнті болды. Сондай-ақ олар оның аймақтың мәдени сахнасына қосқан үлесі және әдебиет қайраткері ретіндегі маңыздылығы туралы білді. Мәдина Тілекеева Сәбира Майқанова сынды дарынды қаламгерлердің шығармашылық мұрасын болашақ ұрпаққа сақтап, насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Ол бүкілодақтық көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болған əлденеше кинофильмдерде басты ролдерді орындағанын тілге тиек етіп айтып берді. Әсіресе «Ана – Жер ана» спектаклінде басты рольді шебер сомдағанын бәрі де мойындайды. Шара соңында оқырмандар «Сахнаның сыршыл шебері» атты кітап көрмесімен танысты.