Рухани кеш жалғасын таппақ

0
186

 

Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, «Түркістанның таңдаулы туындысы-2024», облыстық акциясы аясында ақын, аудармашы, журналист, «Алаш» сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлы мен ақын, журналист Мұрат Бекейдің, «Бір қала — бір кітап» акциясы аясында қарымды қаламгер, сатирик, ақын Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Төреқұлдың шығармаларының таңдалынып алуына орай «Жыл кітаптарын бірге оқиық!» атты əдеби аялдама болып өтті. Кітапханаға жиналған жұртшылық таңдалған авторлардың шығармаларын талқылап, алған әсерлерімен, пікірлерімен бөлісті. Нармахан Бегалұлы мен Мұрат Бекей өлең оқыса, Ахмет Төреқұлдың өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Акцияға қатысушылар Төреқұл шығармаларын қызу талқылап, алған әсерлерімен бөлісіп, мәтіндерге талдау жасады. Жиынға жиналғандардың барлығы пікірталасқа қатысып, әдебиет әлеміне еніп, пікірлестермен пікір алмасуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бұл әдеби аялдама қатысушылардың рухани дүниесін байытуға және қарым-қатынас жасауға тамаша жағдай болды. «Бір ел – бір кітап» акциясы өз жұмысын жалғастырып, халықты әдебиет туралы оқуға, талдауға, диалогқа шақырады. Аталмыш акциялардың мақсаты — ұлттық əдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны ел болып, облыс, қала көлемінде оқу жəне насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, сондай -ақ, жастарды отаншылдыққа, əрі өнегелікке тəрбиелеу. Акция қоғамның отандық əдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі əдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын əрі қарай жоғарылауына мүмкіндік туғызады.

Шараға Қазастан Республикасының Мəдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Шəмші Қалдаяқов атындағы республикалық байқауының тұңғыш лауреаты, əнші- композитор Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы, Түркістан облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы, Түркістан қалалық ардагерлер мүшелері Кеңес Мəрсəлі, Хамза Фəйзіұлы, Қуанышбаев Өтепберген, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Малдыбекова Күлзада Жұмағұлқызы, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы мен №20 Расул Исетов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі жəне əдебиет пəнінің мұғалімі Досыбекова Айжан қатысты.

Шарада №20 Расул Исетов атындағы жалпы орта мектебінің мектеп оқушылары Камилжанова Арзу, Салтанаева Адина, Журахан Гуласал, Махсутханова Асел жазушы Бердібек Соқпақбаевтың » Менің атым Қожа» повесінен көрініс көрсетсе, Түркістан қолөнер колледжінің студенттері Алиханова Динара ақын Нармахан Бегалыұлының «Ұлыма», Бабаханова Хузира ақын Мұрат Бекейдің «Биікті аңсау», Кубанбаева Динара «Түркістаным»,Абдуллаева Мафтуна «Яссауи шырағы» ақын, сатирик Ахмет Төреқұлдың жыр шумақтарын мəнерлеп, жатқа айтып берсе, мəдениет үйінің əншілері əсем əндерімен көпшіліктің ықыласына бөленді. Аталмыш әдеби-мәдени шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар аталмыш шарадан үлкен әсермен қайтты. Алдағы уақытта осындай бағыттағы рухани кештер көбірек ұйымдастырылса деген тілектерін де жеткізді.