«Ұлттық құндылық- ұрпақ игілігі» атты мәдени шара өтті

0
757

 

 

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы білім бөлімі №67 Көмешбұлақ жалпы білім беретін мектебі ұрпаққа тағылымы болар мәдени іс шараларды көптеп өткізіп тұрады. Жуырда аталмыш білім ордасы «Ұлттық құндылық- ұрпақ игілігі» жобасы аясында бастауыш сыныптар арасында онкүндік болып өтті. «Ұлттық құндылықтар – ұрпақ игілігі» жобасы оқу-тәрбие үдерісі үшін өте маңызды және мәнді екені айқын.  Мектептегі мәдени іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін жақсы түсінуге және құрметтеуге көмектеседі. Бастауыш сыныптар арасындағы онкүндік өте қызықты өтті. Өткізілген іс-шаралар және олардың оқушыларға ұмытылмастай әсер қалдырды.

 

Жобаның негізгі мақсаты: Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және мінез-құлқын қалыптастыру.

 

Ұлттық құндылықтар арқылы білім беру баланың жеке тұлға болып қалыптасуына шын мәнінде зор ықпал ете алады. Халықтың тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін бойына сіңіру балаларға өз тарихын түсінуге, дәстүрлері мен құндылықтарын құрметтеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерін және мінез-құлқын дамытуға көмектесу — үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға көмектесетін нағыз маңызды міндет. «Ұлттық құндылықтар – ұрпақ игілігі» жобасының іс-шаралары балалардың ұлттық құндылықтарды жақсырақ түсінуіне және құрметтеуге көмектесті, сонымен қатар әр баланың жеке басының дамуына маңызды қадам болғаны сөзсіз.

 

Ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы, мектеп. Мектеп- білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп- тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Бүгінгі жас ұрпақ мектептен білім мен тәрбиені қатар алып шығуы керек. Сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату- ұстаздардың басты парызы. Демек, ұлттық құндылықтарды қалыптастырмақ.

 

Мектеп – ұлттың мәдениеті мен болмысын сақтаудың кілті. Ол білім беріп қана қоймай, оқушылардың дүниетанымын, құндылықтарын қалыптастырады. Мектеп бағдарламасына өз халқының тарихын, тілін, әдебиетін және басқа да мәдениетін оқытуды енгізу керек. Мектепте отансүйгіштік пен өз елінің тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу де маңызды. Балаларға ұлттық болмыстың мән-мағынасын үйрету олардың белсенді азамат болып қалыптасуына және болашақ ұрпақ үшін ұлттық мұраны сақтауға көмектеседі.

Сонымен, мектеп ұлттық тәрбиені қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, мәдени мұраны сақтау мен дамытудың маңызды құралы болып табылады.

 

Сонымен, Ұлттық құндылықты бойына игерген тұлға қалыптастыру, ұлт болашағы мен ел тағдырын келешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру, Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу, Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығын тұрақты сақтау сынды нәтижелер күтілмек. Осындай мәдени іс шараларда рухани бай қазынадан нәр алған оқушылар болашақта да ұлттық тінінен алыстап кетпейтіні анық.