Қоғам қайраткері атындағы музей ашылды

0
91

 

 

Түркістан облысындағы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «М.Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ атауы берілген болатын. Қазақтың біртуар ұлы, қоғам қайраткерінің аты берілуі білім ошағына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Аталмыш мектепте биылғы жылдың 2 ақпан күні қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі тарихшы-ғалым М.Тынышбайұлы атындағы музей көрмесі арнайы жабдықталып, салтанатты түрде ашылуы өткізілді. Бұл тамаша оқиға – қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш Орда қозғалысының негізін салушылардың бірі М.Тынышбайұлының құрметіне «М.Тынышбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» атағының берілуі – зор құрмет. Оның Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі. Бұл ұлы тұлғаға деген зор құрмет студенттер арасында азаматтық құндылықтар мен патриотизмді тәрбиелеу үшін көрнекті тұлғалардың естелігін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Ал арнайы жабдықталған мектептегі музейдің салтанатты ашылуы бұл шараға бұрынғыдан да үлкен мән беріп отыр.

 

 

Музейдің ашылуына Алматы қаласынан М.Тынышбайұлының немересі Нұршәкен, тарих ғылымдарының докторы, М.Тынышбайұлының өмірі мен тарихын зерттеуші Гүлбану Жүгенбаева, техника ғылымдарының кандидаты, Логистика және көлік академиясының қауымдастырылған профессоры Ғалымжан Әшірбаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, Арыс қаласы «Білім бөлімі» қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұматай Мухаев, Арыс қаласы «Білім бөлімі» бас маманы Жүнісов Әбдіәзиз, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Байысбеков Айдар, Әжелер кеңесі төрайымы Зауре Байхожаева және Ата-аналар комитеті мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

 

Музейдің ашылу салтанатында Мұхамеджан есімді оқушыға Нұршакен апамыз қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, Мұхамеджан Тынышбайұлы атамыз сияқты ұлы тұлға болсын деп, аузына түкіріп, ақ батасын берді. Оқушылар М.Тынышбайұлы туралы толық мағлұмат алып, музей қосымша ақпараттармен толықтырылды. Аталған мектепке М.Тынышбайұлының көптеген кітаптары мен портреттерін мектеп директорына Ж.Керімбайға сыйға тарту етті. Оқушылар Мұхамеджан Тынышбайұлы туралы толық мағлұмат алып, мұражай қосымша мәліметтермен, кітаптармен және осы көрнекті тұлғаның портреттерімен толықты. Мектеп директоры Ж.Керімбайға мәдени мұраға деген қамқорлық танытып, білім ошағына материалдар тарту етті. Мұндай бастамалар өз халқының тарихы мен мәдениетін сақтауға және насихаттауға ықпал етеді, сонымен қатар өскелең ұрпақты алдыңғы қатарлы тұлғалардың жетістіктері мен ерліктеріне шабыттандырады. Бұл жинақ тәрбиелік мақсатта қолданылып, болашақ ұрпақты ұлы істерге шабыттандырары сөзсіз. Сонымен музей құнды дүниелермен толықтырылды. Алдағы уақытта музейге келушілер қатары артады деген сенім басым.