Мақал айтып жарысқан мәдени шара өтті

0
159

 

 

 

Түркістан облысындағы Арыс қаласы білім бөлімі болашақ ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі, білімді болып өсуі үшін идеологиялық жұмыстарды әхірден ақ бастап кеткен. Баланың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру үшін түрлі бағыттағы мәдени іс –шараларды жиі ұйымдастырып тұрады. Жуырда қалалық білім бөліміне  қарасты  «Асылай» балалар бақшасында 2024 жылдың 5 ақпан күні «Балдырған» тобында топ тәрбиешісі Есеркепова Ұлжанның ұйымдастырумен «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» мақал- мәтелдерді, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды үйретуге арналған ашық ұйымдастырылған мәдени шара  өтті. Аталған шара «Біртұтас тәрбие бағдарламасын » іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жоба аясыда жүзеге асырылып отыр. Іс-шарада балалар ойлауға, талдауға және алған білімдерін қолдануға болатын ойындар мен тапсырмаларға қатысқанды ұнатты. Жаңа мақал-мәтелдер үйреніп, қызықты жұмбақтарды шешіп, логикалық қабілеттерін дамытты. Балалар өте қызығушылық танытып, барлық іс-шараларға белсенді қатысты. Мұндай мәдени іс-шаралар балалардың мәдени білімін дамытып қана қоймай, адамгершілік құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге көмектеседі. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, әлеуметтенуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Арыс қаласының білім бөлімі балалардың жан-жақты білім алып, өмірдің барлық саласында дамуы үшін осындай шараларды жалғастыра бермек. Арыс қаласында мәдениет пен білім саласын дамыту – білім беру бөлімінің барлық қызметкерлерінің басты назарында.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын » іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде өтіп отырған шараның міндеті ауқымды. Негізгі мақсаты: «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, тілдік қорын көбейтуге үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін іс-шара келесі міндеттерді қамтиды: Ойларын анық, дұрыс жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті ойындар мен сайыстар өткізу, Шараға қатысушылар арасында бабалар өсиеттері мен даналық сөздерді талқылау, талдауды ұйымдастыру, Адамгершілік, даналық тақырыбында ертегі, мақал-мәтелдер құрастыру бойынша шеберлік сабақтарын өткізу. Дана ертегілер мен өсиеттер бойынша театрландырылған көріністерге қатысу. Балаларға адамгершілік, даналық тақырыбындағы кітаптардан кітап көрмесін жасау. Осылайша, іс-шара тіл байлығы мен адамгершілікті дамытуға ғана емес, жобаға қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тұлғалық өсуіне де септігін тигізеді. Осы арқылы балаларды сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. Ата — салтым, асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім, Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей отырып ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды жас ұрпақтың бойына сіңіру басты міндеттің бірі.

Бұндай сабақ түрі де балалардың өздеріне де қатты ұнады. Әсіресе жұмбақты шешуде балалар білімдерін тамаша көрсете білді.