«Өнер – өмір жемісі»

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №50 «Үлгілі жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пәнінің «Өнер — өмір жемісі» атты апталығы өтілуде. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Устемиров пен мен Г.Кудиретованың ұйымдастыруымен «Ұлттық дәстүр — асыл қазына» атты іс-шара болып өтті. Өте қызықты және маңызды шара болды. «Өнер – өмір жемісі» тақырыбымен өткен өнер апталығы мен «Ұлттық дәстүр – асыл қазына» атты іс-шара оқушыларды өз елінің өнері мен мәдениетімен таныстырудың тамаша тәсілі. Осы апталық ішінде өткізілетін түрлі шеберлік сыныптары, көрмелер, байқаулар және басқа да іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетті тереңірек білуге көмектеседі. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдерінің күш-жігерлеріңің арқасында іс-шара оқушылар үшін есте қаларлық әрі пайдалы болғаны сөзсіз. Мұндай бастамалар ұлттық мұраны сақтауға, өз елінің мәдениетіне құрмет пен салт-дәстүрге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Балалардың өз елінің мәдени мұрасы мен өнеріне толық қанық болуы үшін мұндай шаралардың мектептерде өткізілуі маңызды.
Оқушылар сұраққа жауап беріп, ұлттық дәстүрімізің құндылықтарымен танысып, естен шығып бара жатқан көне жәдігерлер туралы мол мағлұматтар ала білді. Сондай-ақ олар ата-бабаларымыздың тарихы мен мәдениеті, олардың қалай өмір сүргені, немен айналысқандығы және олардың қоғамында қандай дәстүрлер бар екендігі туралы білді. Осы білімнің нәтижесінде оқушылар өздерінің ұлттық мұраларын жақсы түсініп, құрметтеп, бағалай білетін болады.
Салт дәстүріміз — тірегіміз, болашақ ұрпағымызға мақтаны екенін, ата — бабамыздың бізге қалдырған ең керемет құндылықтардың бірі екенін дәлелдей түсті. Көркем еңбек пәнінің ұйымдастырған іс — шарасы оқушылар бойына дәстүрмізді дәріптеуді сіңіре білді деп сеніммен айта аламыз. Көркем шығармашылыққа арналған шара оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрмет пен мақтаныш сезімін оята алғаны тамаша. Халқымыздың өткенімен және мәдени мұрасымен байланысын сақтау үшін осы құндылықтарды сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу аса маңызды. Дәстүрге негізделген көркем шығармашылықты дамыту да ұлттық бірегейлікті сақтауға, мәдени мұраны нығайтуға ықпал етеді. Осындай іс-шаралар арқылы біз өз ұлтымыздың құндылықтарын жақсырақ түсініп, бағалай аламыз және мақтан ете аламыз.
