Кішкентай бүлдіршіндер Ертегілер еліне саяхаттады

0
164

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында мәдениет саласындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Түрлі мәдени іс шаралардан бөлек балалармен шығармашылық жұмыс та назардан тыс қалмаған. «Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» Балалармен жұмыс бөлімінің ұйымдастырумен «Ертегілер еліне саяхат» атты тақырыпта «Күншуақ» балалар бақшасының бүлдіршіндеріне мультфильм көрсетілді. Осы уақытқа дейін де  «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбындағы бірнеше жоба жүзеге асырылған болатын. «Күншуақ» балабақшасының бүлдіршіндеріне мультфильм көрсетілімі жақсы өтті. Кішкентай бүлдіршіндер үлкендердеің бұл сыйына ерекше қуаныш білдірді. Мұндай іс-шаралар балаларға өз әлемін кеңейтуге және ертегілердің сиқырлы атмосферасына енуге көмектесетіні сөзсіз. Әсіресе ертегіге негізделген мультфильмдердің балалардың сана сезіміне өте қатты әсер ететіні белгілі. Әрі тәрбиелік мәні бар шара болып табылады.  Негізінде мұндай шаралар балалардың қиялды, шығармашылықты және оқиғаларды талдау және түсіндіру қабілетін дамытуға көмектесетіні белгілі. Мұндай іс-шаралар балалардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға да ықпал етеді. Балаларға мультфильм ұнады және көптеген жағымды эмоциялар алғаны айқын. Мұндай шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың білім алуына және дамуына ықпал етеді. Осындай тамаша шараны ұйымдастырған «Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» балалармен жұмыс бөлімі алдағы уақытта да шығармашылық бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсері анық.  Бүлдіршіндерге мультфильмнен достасуды, отбасылық құндылықты бағалауды, аяушылық білдіруді, өзіне сенуді және басқаларға көмектесуді меңгереді. Ертегілерді есте сақтауға, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелейді. Балаларға демалыс ұйымдастырып көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз таңертеңгілік қызықты мультфильмді көріп мәз, мейрам болды. Балабақша тәрбиешілері ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.