Райымбек Сейітметов театрына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы басшысының бұйрығымен Алиев Арман Махмұтұлы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. Жаңа қызметіне тағайындалған мекеме басшысын театр ұжымына облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысы Әзімхан Қойлыбаев таныстырды.
Арман Махмұтұлы Әлиевтің мәдениет саласында кәсіби шеберлігі мен көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Сазды драма театрының ұжымын мекеменің жаңа басшысын ықыласпен қарсы алды. Өйткені мәдениет саласының май ішіп, жілігін шаққан нағыз майталман маман. театр қауымдастығы Түркістан қаласының мәдениеті мен өнерін дамыту мен насихаттауда маңызды рөл атқарады. Арман Махмұтұлы Әлиевтің жетекшілігімен театр алдағы уақытта да сапалы қойылымдарымен, шығармашылық көзқарасымен көрермен ықыласына бөлене беретініне сенім мол. Арман Әлиевке жаңа қызметін табысты атқарып, сазды драма театрын басқаруға сәттілік тілп жатқандар көп. Оның күш-қуаты, шығармашылық қабілеті мен ұжымда жұмыс істей білу қабілеті театрдың жаңа белестерді бағындырып, көрерменді одан да көп тартуына септігін тигізері сөзсі. Әзімхан Қойлыбаев жаңа басшыны таныстырып, Түркістан облысының мәдениетін дамытуға қолдау көрсететініне сенім білдірді.
Алиев Арман Махмұтұлы 1978 жылы 25 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Гигант аулында дүниеге келген. 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Режиссура, актерлық өнер» мамандығы бойынша бітіріп «театр ұжымының жетекшісі, менеджері және арнайы пәндердің оқытушысы» біліктілігі берілді. 2013 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп «заңгер» біліктілігі берілді. Қазақ эстрадада өнерінің танымал өкілі, эстрадалық әзіл әндер орындалған 2 дана ән жинағы жарық көрген. Бірнеше қазақ киносында рөлдер сомадаған актер, әлемдік цирк өнері қауымдастығында халықаралық деңгейдегі цирк өнері фестивальдарының қазылар алқасының тұрақты мүшесі. ҚР Мәдениет министрінің, облыс және қала әкімінің, басқарма басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.
Еңбек жолы: 1999-2002 жылдары «Шымкент шоу» әзіл-сықақ театрында актер, режиссер; 2002-2007 жылдары ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжіне тәрбие және мәдени жұмыстар жөніндегі аға нұсқаушы, (Шені – капитан); 2007-2012 жылдары «Оңтүстікфильм» МКҚК әдістемелік бөлім меңгерушісі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ режиссура және актерлік өнер кафедрасында оқытушы;ОҚО өнер мектеп интернатында «көркем сөз оқу» пәні бойынша оқытушы; 2013-2014 жылдары Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық, музыкалық, қазақ-драма театры директорының орынбасары, директордың уақытша міндетін атқарушы; 2014-2020 жылдары «Шымкент цирк» МКҚК директоры;2020 жылдан «Оңтүстік» телеарнасының режиссер, бас продюссер қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының көремдік жетекшісі қызметін атқарып келген. Мәдениет саласының көрігіні қыздырып жүрген майталман маман рухани астананың бас театрын да өрге сүйрері анық.