“Поэзия! Менімен егіз бе едің?» тақырыбында байқау өтті

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласындағы Жиделі жалпы білім беретін мектебінде 9- ақпан күні мектептің ұйымдастырушы педагогы Бибосынова Ақтолқынның және ДОЖЖО Маметова Гүлмираның ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылар арасында «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» тақырыбында мәдени іс шара ұйымдастырылып өтті. Мақсаты — Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, әдебиет пен өнерге, поэзияға деген қызығушылығын арттыру және туылған күнін атап өту болып табылады. Оның шығармашылығын насихаттау оқушыларды оның поэзиясымен, идеясымен және стилімен таныстыруға көмектеседі және олардың әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын оятады. Оқушылардың әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру олардың шығармашылық ойлауын, эмоционалдық интеллектін және дүниені қабылдауын дамытуға көмектесетіндіктен үлкен маңызға ие. Мұқағали Мақатаевтың туған күнін атап өту де оның мәдениетке қосқан үлесін атап өту мен мұрасына құрмет көрсетудің тамаша тәсілі.
Мұндай мәдени шараларға оның өлеңдерін оқу, шығармашылығын талқылау, поэзиясы мен әдебиетіне қатысты байқаулар, көрмелер ұйымдастыру және басқа да шаралар жатады. Сондай-ақ олар оқушылардың өз шығармашылығын танытуына және Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан шабыт алуына мүмкіндік береді. Оқушылар ақиық ақынның қлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Байқауға қатысып орын алған оқушыларды мектептің директоры Динара Абилова арнайы мадақтамаларымен марапаттады. Бас жүлдені 7ә- сынып оқушысы Мырзабек Аяулым, І орынды 7 б-сынып оқушысы Мұстафа Абзал, ІІ орын 5 а-сынып оқушысы Амин Елнұр және 6ә-сынып оқушысы Білісбек Каусар ІІІ орын 5ә-сынып оқушысы Сатыбалды Ақтілектер иемденді.