Ауа райының қолайсыздығынан 7 облыста жол жабылды

0
146

Ауа-райының нашарлауына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 8 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км автожол (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық түрі үшін)

Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық үшін);

2. «Алматы-Ташкент-Термез» -Жаңақұрлыс а.-Жамбыл обл.шек. (барлық түрі үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран, көрінуді шектеу)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Абай обл.шек. — Зайсан қ.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» — гр.Алматы облысы-Қордай ауылы (барлық түрлер үшін), Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрі үшін).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км(қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Үшарал-Достық» — Көктұма ст.-Достық ст. (барлық түрі үшін);

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл.шек.-Арқалық қ. (барлық түрі үшін)

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кенті-гра.Қостанай облысы (барлық түрі үшін)