Түркістан облысының каратэден жасөспірімдер құрамасы ел чемпионатында 7 алтын медаль алды

0
81
Шымкент қаласында Фунакоши каратэден «Кумитэ» бағдарламасы бойынша «SHYMKENT OPEN-2024» республикалық турнирі өтті. Дүбірлі додада Алматы, Шымкент қалаларынан және Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола облыстарынан келген спортшылар сынға түсті.
Аталған жарыс аясында Түркістан облысы атынан сынға түскен «Ақсу жекпе-жек спорт клубының» және №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарға қол жеткізді.
Жарыс нәтижесінде Түркістан облысы 7 алтын, 5 күміс пен 7 қола медальді қоржынға салып, жалпы командалық есепте II орынды еншіледі.