Шаруаларға мемлекеттік қолдауларды насихаттаушы топ Созақ және Бәйдібек аудандарына барды

0
69
Түркістан облысындағы агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды түсіндіру барысында арнайы жұмысшы топ Созақ және Бәйдібек аудандарына барды. Кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков, «ҚазСушар» және «Тұран су» мекемелерінің басшылары, жанармай таратушы операторлар, қаржы ұйымдары қатысты.
Жиында Ербұлан Жәнібеков ауыл шаруашылығы техникалары мен тыңайтқыштарға мемлекет тарапынан берілетін қолдауларға тоқталды. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан тиісті мекеме өкілдері жеңілдетілген несиені алуға қажетті құжаттар жайлы да сөз етті.
«Түркістан облысы еліміздегі ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге жеткен өңір. Дегенмен облыстағы шаруалардың жағдайын жақсарту жұмыстары өз жалғасын табады. Осы арқылы облысымыздағы ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар санын арттырып, кәсібін дөңгелетуіне мүмкіндік береміз», — деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков.