Төлебиліктер қариялардың ауласын абаттандыруда

0
86
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында төлебилік тұрғындар аудандағы мұқтаж азаматтар мен жалғызбасты қарттардың ауласында тазалық жұмыстарын жүргізуде. Игі шара аясында
тұрғын үйлер ауласындағы бау-бақшалар мен қоршаулар ретке келтіріліп, сырлануда. Одан бөлек, ағаштар бұталып, тал және гүл көшеттері отырғызылуда. Қариялар ауласын ретке келтіріп, тұрғын үйін әрлеп берген жастар мен еріктілерге ақ батасын беріп жатыр.
Бүгінде Төлеби ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Науқанның әрбір күніне іс-шаралар бекітіліп, үш апта көлемінде көшеттер отырғызылып, абаттандырылды. Еске сала кетейік, бүгін 3 мамыр — «Өнегелі ұрпақ» апталығының соңғы күні, алдағы 4-11 мамыр аралығы – «Мөлдір бұлақ» апталығы басталады.