«Қасқасу-Таусамалы» демалыс аймағына барар жол жөндеуден өтіп жатыр

0
135
Төлеби ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» автомобиль жолынының 34-70 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Шымкент қаласының шекарасынан басталып Шомшақты, Зертас, Көксәйек, Қазақстан, Тасарық, Қасқасу, Ұзынарық, Диханкөл елді мекендерін қамтиды.
Бүгінде мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан Қасқасу мен Көксәйек елді мекендері аралығында асфальт жабындысы төселіп жатыр. Нәтижесінде нысанды биыл қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.