Сауранда 200 орындық оңалту орталығы іске қосылады

Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде 200 орындық оңалту орталығы іске қосылмақ. Нысанның құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында «Amanat» партиясының облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы орталыққа барды. Онда алдағы уақытта мүгедектігі бар ересек адамдарға психологиялық және медициналық көмек көрсетілетін болады.
Нысанның құрылысы 2021 жылы мердігер мекеме «Шымкент Құрылыс» ЖШС тарапынан басталған. Орталық сауықтыру-жүзу бассейні мен спорт залдан, үш қабатты емдеу корпусы мен стационардан тұрады. Бүгінде ғимаратта құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысан биыл маусым айының соңында дейін толық яқталып, пайдалануға берілетін болады.