ОҚУШЫЛАР БЕСІНШІ РЕТ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Түркістан облысында балаларды қорғау мен олардың отаншыл да шымыр болып өсін қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелі. Солардың қатарында балалар мен оқушыларға патриоттық тәрбие деру мәселесіне де маңыз беріледі. Бұл салада арыстық жасөспірімдердің табыстары телегей теңіз. Таяуда Арыстық оқушылар «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлдегер атанды. Олар биыл бесінші рет жеңіспен оралып отыр.
Арыстық оқушылар «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында 2 орынға ие болды. Оныншы рет ұйымдастырылған сайысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 750-ге тарта бала қатысқан. Соның ішінде топ жарып, үздік атанған патриоттар өңір намысын қорғау үшін барымызды салдық дейді.
«Біз 50 команданың ішінде 2 орын алдық. Жарысқа барынша дайындықпен барғанмыз. қарсылас командалармен бақ сынасқан сәтте барымызды салып, жүлделі орыннан көріндік. Жарыс қызықты да, қиын да болды. Арасында рекорд та көрсете алдық. Елге абыроймен келгенімізге қуаныштымыз», – дейді жарыс қатысушысы Рухшона Убайдуллаева.
Бірнеше жыл қатарынан жеңіспен оралып жүрген арыстық жастарды барша ата-ана, жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алып, ақ батасын берді.
Байрақты бәсекеде жас өрендер «Айбын дарыны» зияткерлік байқауы, «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы, АК-74-ті жартылай бөлшектеу, пневматикалық мылтықтан ату, 1 000 м, 3 000 м жүгіру, турникке тартылу, әскери эстафета, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен сынға түсті.