ГАВАЯҒА ТЕГІН ДЕМАЛУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Түркістан облысы еліміздегі ең тұрғындар саны көп аймақтардың бірі. Сондықтан да мұнда ана мен баланы қорғау және қамқорлық жасау мәселесі негізгі назардағы мәселе болып табылады. Оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы каникулға шығысымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, әрі тікелей бақылуында ұстауымен облыс аумағында жазғы лагерлер жұмысын бастап кетті.
Барлық аудандар аумағында, оның ішінде табиғаты көркем, ауасы таза аудандар аумағынан балаларға жайлы лагерлер көптеп ашылды, жеке меншік жазғы лагерлермен де келісімдер жасалды.Ол жазғы лагерлерде балалар ата-анасының ақы төлеуімен, тегін және түрлі қорлардың қолдауымен тегін демалуға мүмкіндік алды.
Бүгінде демалыс-сауықтыру лагерлерінде балалардың жазғы демалысының бесінші ауысымы басталды. Осы орайда, Сайрам ауданының 100 баласы «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне демалысқа жіберілді. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтай отырып, демалыс орнына жеткізді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен биыл жалпы 300 балаға тегін жолдама беріліп, қуаныш сыйлады. Олардың ішінде республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары, спорт, өнер жарыстарының жүлдегерлері мен өзге де үздіктер бар.
Бұдан бөлек, қайырымдылық қорының демеушілігімен жаз маусымының 4 ауысымында Түлкібас ауданына қарасты Машат елді мекенінде орналасқан «Машат Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде 200 оқушы тынығып қайтты.
Қазіргі таңда Арыс ауылдық округіне қарасты бөліміне тиесілі №1 Оқушылар үйіне қарасты жазғы сауықтыру лагерінің төртінші ауысымына 314 бала қабылданды. Биыл 7 ауысымда 2198 баланы демалдыру жоспарланса, қазір оның 1256-ы қамтылған.