ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ

0
61

Мемлекет басшысының «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыру мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтереді. Сондықтан да, әрбір аймақта, өңірлерде мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән беру керек, деген сөзін басшылыққа ала отырып Түркістан облысында өңірдің дамуына барлық мүмкіндікті пайдалануда.
Облыстың барлық аудандары сияқты Ордабасы ауданында даарнаулы индустриялық аймақта кәсіпкерлікті, өндірістерді, отандық өнім өндірушілерді ұйымдастырып, олардың нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдайларды жасауда.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары “Бадам” индустриялды аймағында орналасқан бірқатар жоба жетекшілерімен және өндіріс аймағын инфрақұрылыммен қамтитын тиісті мекемелердің өкілдерімен кездесті. Әртүрлі жобаларын ұсынып, соларды өндірістік аймақта іске асыру шараларын қолға алған кәсіпкерлергі аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, олардың толыққанды қуатпен жұмыс жүргізуіне барлық жағдай жасау үшін аудан басшылығы жоба жетекшілерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Басқосу барысында қолға алынған жобаларды электр қуатымен, сумен және газбен қамтудағы өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан барлық кәсіпкерлік нысандар мен өнім өндірушілерге толыққанды жұмыс жасауға жағдай толық жасалынса, олардың қайтарымы да мол болмақ. Аудандық бюджетке түсер салықтан бөлек отандық өнімдердің саны мен сапасы артып өңірдің қуаттылығы еселене өспек.