КІРІС КӨЗДЕРІН ҰЛҒАЙТА ТҮСУГЕ ТАПСЫРМА БЕРІЛД

Мемлекет басшысы салық саясатына байланысты үнемі кіріс көздерін ұлғайтып, жоспарды орындауға үлкен жауапкершілікпен қарауды қадағалауды тапсырып келеді. Себебі, қай мемлекеттің, не аймақтардың дамуының басты көрсеткіші салық түсімдеріне тікелей байланысты. Өйткені өңірлерде өндірісті, ауыл шаруашылығын, туризмді, басқа да негізгі салаларды дамыту бағытында үздіксіз жұмыс жасалып, нақты жоспарларды жүзеге асыруға қол жеткізілсе, ол аймақта салықтың кірісі да арта түсетіні белгілі. Аймақтың дамуын қамтамасыз ету жолында жақсы жұмыс жасалса салық түсімі де көбейеді.
2024 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысында бюджетке 120,8 млрд. теңге көлемінде салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 111,1%-ға орындалды. Жоспар 108,7 млрд. теңге болатын. Көрсеткіштің артығымен орындалуы меншік салығынан, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы, жеке табыс салығынан, азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер және өзге де салықтық емес түсімдер есебінен жүзеге асты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында кіріс көздерін ұлғайта түсу тапсырмасы берілді. Әсіресе, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылса да, салықтан жалтарып жүрген білім және өзге де салаларға қатысты мекемелердің қаржылық әрекеттерін зерделеу, тиісті шешім қабылдау мәселесі терең талқыланды. Жауапты басшыларға тапсырмалар берілді.
Алты айда салықтық түсімдер бойынша бюджетке 91,8 млрд. теңге көлемінде түсім түсіп жоспардың 108,8%-ын құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша 15,0 млрд. теңге түсім түсіп, жоспардағы 13,0 млрд. теңгеден жоғары болды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 14,0 млрд. теңге түсіп, артығымен орындалды. Негізі қойылған меже 11,3 млрд. теңге болатын.
Өңірде кіріс көздерін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Облыс басшылығы барлық бағыттардағы жұмыстарды жоспарланған межелерге сай нәтижелі жүргізе отырып бұл жылды да салық түсімдері бойынша жоспарды орындауүшін қарқынды жұмыстарды жүзеге асыруға күш сала бермек. Ал, бұл өз кезегінде түркістан өңірінің қуаттылығын арттырып, Ел экономикасына мол үлес қосуға жол ашады.