ТҰРҒЫН ҮЙ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІНЕ МӘН БЕРІЛДІ

Қайбір мемлекеттің болсын экономикалық даму деңгейі азаматтарының жайлы өмір сүру деңгейімен өлшенетіні белгілі. Қазақстандықтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартып, өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында үкіметіміз көптеген бағдарламалар қабылдап, жүзеге асыруда. Солардың арасында әрбір қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған тұрғын үйге арналған мемлекеттік бағдарламар да бар. Түлкібас ауданының аумағында да азаматтарды баспанамен қамтуға қатысты көптеген шаралар жүзеге асырылып, тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Биылғы жылы Төлеби ауданының орталығындағы Нұршуақ мөлтек ауданынан 20 пәтерлік екі көп қабатты тұрғын үйдің және Бақыбек мөлтек ауданынан 48 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, нысандардың қабырғасын және ірге тасын қалау жұмыстары жеке кәсіпкерлер есебінен атқарылуда.
Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұриддин Ештаев баяндады.
Жалпы бүгінгі таңда, аудан аумағында үш мың екі жүзден астам азамат тұрғын-үй кезегінде тұр. Аталған нысандардың құрылысы аяқталса, мемлекет теңгеріміне сатып алынып, үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы тұрғын-үй ретінде (арендалық) Заң талаптарына сай үлестірілетін болады.
Бұдан бөлек, лездемелік жиында құрылыс, ауыз су, газ және жарықтандыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, ауыл-аймақтың тазалық мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселе толық қаралып болған соң аудан басшысы аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы, әр нысанның сыртың жауын-шашынға төзімді материалмен қапталуы және қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылуы мен есік алдын абаттандыру бойынша жауапты орынбасары мен бөлім басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, өзі жіті бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Елді мекендердегі жаңа құрылыс көшелеріне бірінші кезекте қажетті ауыз су және газ кіргізу мәселесіне ерекше тоқталып, тиісті бөлім басшысына бұл бағыттағы жұмыстарды қайта нақтылап, ұсыныс дайындау керектігін ескертті.