ОРАНҒАЙДАН ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы қоғамдағы азаматар арасында теңдікті, түрлі мүгедектігі бар жандардың қоғамда өздерін тең сезінің, қоғамдық істерде шама-шарқынша белсенділік танытуы, денсаулығын түзетуі мәселелеріне көңіл бөлінуі қажеттігін атап айтқан болатын. Бүгінде ерекше күтімді қажет ететіндерге мемлекет тарапынан ерекше жағдай жасалуда. Оңалту орталықтарын ашу барлық өңірлерде қолға алынып, нәтижелі жұмыс істеп келе жатыр.
Таяуда сондай бір орталық Сауран ауданында қолға алынды. Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылында “Самғау” №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бой көтерді. Оңалту орталығы 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетуге бағытталған.
Атап айтқанда, сауықтыру орталығы бір мезетте 200 адамға медициналық, педагогикалық, еңбекке баулу бағыттарында қызмет көрсетуге қауқарлы.
Мекеме директоры Гүлнұр Сауртаеваның сөзінше, аталған заманауи бағыттағы оңалту мекемесі 3 қабаттан тұрады. Сондай-ақ ғимарат толыққанды материалдық-техникалық базамен жабдықталады.
Әлеуметтік орталық қазан айынан бастап штаттық режимде жұмысын бастайды деп жоспарлануда.