АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 19 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй беру, асфалт төсеу, жер, әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында тиісті жауаптарын беріп, айтылған өтініштерге сәйкес, тез арада және кезең-кезеңімен шешімін табатын мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекеніне арнайы барып, мептеп ғимаратының құрылысымен танысты. Құрылыс аумағының жалпы алаңы 0,5 гектарды құрайды. Аудан басшысын құрылыстың барысын қадағалап, оның сапалы жүргізіліп, мерзімінен кешіктірілмей пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді жауапты адамдарға тапсырып, бірқатар ескертулерін де айтты.
Сарыағаш қаласындағы №10 Сәтбаев мектебіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер «MERITORIUM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне атқарылып жатқан жұмыстарды оқу жылы басталғанға дейін бітіруге тапсырма берді. Жеткіншектер Білім мерекесінде көтеріңкі көңіл-күймен келіп, жаңа оқу жылын жаңартылған, жайлы да сәулетті білім ғимаратында бастауы, олардың жыл бойында сапалы білім алуына құлшынысын арттыратыны белгілі.
Қазіргі таңда, кәсіпкер Оспанқұлов Марат Нұржанұлы өз қаржысы есебінен 200 орындық мектеп құрылысын салуда.
Өңірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қарқын қосу үшін маңызды мәселенің бірі — инвестиция тарту мәселесін де ұмыт қалдырмай, үнемі назарында ұстайтын
аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласысының бас жоспарын дамыту мақсатында облыс маслихат депутаты Ж.Сүлейменов және жобалаушы мекеме «Даулет» ЖШС-нің бас инженері С. Қуанышбаевпен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жұмыстары бойынша талқыланды.
Ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуда инфрақұрылымдардың маңызы зор. Халықтың жайлы өмір сүруі үшін әлеуметтік мәселелер, оның ішінде автокөлік жолдарының сапалы болуы шешімін табуы керек. Сондықтан да, аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан елді мекеніне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Дастан елді мекенінде ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжаттамаға сәйкес асфальт төсеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 4,07 шақырымды құрап отыр. Аталған жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Аудан басшысы жұмысты жүзеге асырушыларға асфальт жол құрылысын мерзімінде әрі сапалы етіп аяқтаудың маңыздылығын ескертті.
Жол құрылысында болған аудан басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына және мердігер мекеме басшысына жол жөндеу жұмыстарын сметалық құжаттамаға сай сапалы аяқтауды тапсырды.
Сонымен бірге, аудан басшысы Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барып, кеден бекеті маңындағы абаттандыру жұмыстарын бақылап қайтты.
Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдына «Керуен» кіші архитектуралық нысанының құрылысы жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне ауданның көркі ретінде салынып жатқан абаттандыру нысанын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Мемлекет басшысының азаматтарды мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікке тарту, адамдарды жұмысқа тарту туралы берген тапсырмасына орай Сарыағаш ауданында да жеке азаматтардың өз кәсібін ашуына қолдау жасалуда. Осы бағыттағы жұмыстарды назарынан тыс қалдырмаған аудан әкімі Арман Абдуллаев Дихан баба елді мекеніндегі тігін цехының жұмыстарымен де танысты. Жергілікті тұрғын М.Үсенбаев «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңлдетілген несие алып өзінің тігін цехын кеңейтіп отыр. Аталған тігін цехында ескі маталарды арнайы қондырғы арқылы өңдеп көрпе, жастықтарға шикізат ретінде пайдалануда. Бүгінгі таңда кәсіпкер тігін цехында 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.