СТАНДАРТТАРҒА САЙ СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ -2

0
52

Сол сияқты таяуда Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт күні» мерекесіне орай аудандық спартакиада болып өтті.
Аудандық сайыста спорттың кіші футбол, үстел теннисі мен арқан тарту, асық ату мен бес асық, ләңгі тебу түрлерінен 100-ге жуық спорт саласының майталмандары өзара бақ сынасты. Сонымен бірге шараға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев қатысты.
Спорт сайыстары қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Жанкүйерлердің спортқа деген сүйіспеншілігін арттырған теңбіл доп шеберлері сайысының қорытындысы бойынша өзге командалардан айла-тәсілі мен тәжірибесін арттырған «Жетісай» футбол клубының құрамасы ІІІ орынға табан тіресе, ІІ орын «Жетісай спорт клубы» командасына бұйырды. Жүлделі І орынды №1 БЖСМ командасының ойыншылары иеленіп, жеңімпаз атанды. Ал, арқан тартудан ІІІ орынды №2 БЖСМ құрамасы иеленсе, ІІ орынды «Жетісай спорт клубы» мекемесінің, І орынды «Ұлттық спорт клубы» мекемесінің білекті жігіттері қанжығаларына байлады.

Жылдамдық пен дәлдікті қажет ететін үстел теннисі бойынша ІІІ орынға №2 БЖСМ ойыншысы Ерлан Қарашаев, ІІ орынға «Жетісай» спорт клубының ойыншысы Мақсат Қыдырша, І орынға №3 БЖСМ ойыншысы Аружан Нұржанқызы ие болды.

(жалғасы бар)