АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН КЕЙІНГІ ҰРПАҚҚА ЖОЛ САЛУШЫ -1

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдауларында, құрылтайлардағы сөйлеген сөздерінде елдің ертеңінің баянды болуы ұрпақтар жалғастығымын тығыз байланысты екендігін атап айтып келеді. Өйткені, «арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе кейінгі дөңгелегі сол салған ізбен жүретіні» сияқты ұлттың дамуында да алдыңғы толқын қалай жүріп, қандай өнеге көрсетіп, қандай тәлім-тәрбие берсе кейінгі ұрпақ оснымен кетеді. Сондықтан да, алдыңғы ұрпақ пен кейінгі ұрпақ арасында үнемі байланыс, жалғастық болуы керек. Ол жалғастық барлық деңгейдегі ардагерлер кеңестері арқылы да жүзеге асырылып келеді.
Сауран ауданындағы «Қамқорлық» орталығында аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мәжілісі болып өтті. Мәжіліске Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, ардагерлер кеңесінің және әжелер алқасының мүшелері, мәдени орталық өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, дін өкілдері қатысты. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов ашып, жүргізіп отырды.
Мәжілістің күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттер мен мақсаттар «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» және аудандық ардагерлер кеңесінің үстіміздегі жылдың жеті айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелар бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов жыл басынан бергі атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндап өтті. Сонымен бірге, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ақсақалдар мен
(жалғасы бар)
