ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ҰЛТТЫҚ РУХАНИ РЕҢККЕ ТОЛЫ БОЛДЫ -2

0
52

Сонымен қатар Келес ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы сахналанды. Айтыс, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариевтің айтуынша келестік рухани-мәдени керуен қала қонақтары мен тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.
Этноауылда ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, «Керуен Сарай» кешенінде Төреғали Төреәлі, Әділет Жауғашар және Сержанәлі сынды өнер жұлдыздарының және Келес ауданының өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
Сөйтіп, Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Келес ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік жиында Келес ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Сариев сөз сөйлеп, фестивальдің маңызына тоқталды. Аудан жетістігіне тоқталып, келген көрерменге алғысын жеткізді.
Шара барысында Сержанәлі Әлібек, Әділет Жауғашар және Серік Ибрагимов пен Әбіджаппар Әлқожа сынды эстрада жұлдыздарының және аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнер сүйер қауым қосыла ән шырқап, әсем биімен кештің сәнін кіргізді.
Екі күнге жоспарланған бағдарлама ұлттық құндылықтарға толы болды. Ұлттық тағам түрлері таныстырылып, қазақ халық әндері, жыр-терме, дәстүрлі әндер шырқалды. Екінші күні ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бұған дейін облыс орталығында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалін өткізген арыстықтар да мүмкіндігінше мәдениет күндеріндегі шараларға ұлттық реңк беруге тырысып, фестивальдің екінші күні Этноауыл кешенінде ұлттық спортты ұлықтау мақсатында бірнеше спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырған болатын.
Осылайша арыстық спортшылар да Түркістан төрінде ұлттық спортты ұлықтаған еді.