БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛДЫ

0
137

Түркістан облысында дәстүрлі педаотардың Тамыз конференциялары өтуде. Мұғалімдердің бұл бас қосуында жаңа жағдайда заманауи білім беру жолдары, цифрландыру, инновациялық жобалар, айти және жасанды интеллектті білім беру саласына, оқыту процесіне енгізу мәселелері де қарастырылуда. Себебі, қазіргідей электроника, интернет, сандық жүйе мен айти, енді жасанды интеллект пайда болып, өмірімізге еніп жатқанда жас ұрпақ солардың бәрімен танысып, біліп, білім беру процесінде толық игеріп алмаса болашақта олар еңбек нарығында бәсекеге ілесе алмай қалады.
Осы жылдың 28 тамыз күні Кентау қаласында білім беру саласының қызметкерлерінің басын қосқан тамыз кеңесі өтті. Биылғы жылы ол «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады.
Дәстүрлі тамыз конференциясына – қала әкімінің орынбасары А.Н.Байболова, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» кафедра меңгерушісі Өтеген Бекет Үсенбекұлы, қалалық маслихат төрағасы Е.Ж.Елеусизов, қалалық маслихат депутаттары, орта арнаулы білім ұйымдарының басшылары, білім саласы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, қатысты. Кеңестің модераторы білім бөлімінің басшысы Ә.А.Ауелбеков болды.
Алқалы жиында өңірдегі білім саласында инновациялық цифрлы жобаларды енгізуде біршама жұмыс атқарып жүрген Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі, экология магистрі, органикалық химия пәні бойынша докторант Әбсейт Алтынбек Серікбайұлы, М.Горький атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.А.Жадигерова баяндама жасады.
Iс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, республикалық, облыстық, қалалық алғыс хаттармен марапатталды.
Қазығұрт ауданында да білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңес жиынына аудан әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлы, «Аманат» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исакулов Есімхан Ешанқұлұлы, аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері ,балабақша меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынға келген көпшілік мәдениет үйінің алдында жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалады. Ал, кіреберісінде үздік ұстаздардың инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеден кейін аудандық мәдениет үйінің залында білім саласының жетістіктері бойынша бейнеролик көрсетіліп,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Алғашқы сөзді аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы сөз алып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің ашылуымен және жаңа оқу жылымен құттықтап, баяндама жасады.
Жиында алдымен аудандық білім бөлімі басшысы Бахтияр Сапарұлы баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылында ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы атап өтті.
Шара барысында ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін үздік ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.