ЖЕТІСАЙДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

0
52

Мемлекеттің жан-жақты дамуы мен түрлі заң бұзушылықтарға жол берілмеуі үшін, мемлекеттің, қоғамның қауіпсіздігі мен заң аясында жұмыс жасалуын қамтамасыз ету үшін тек заң мен құқық қорғаушы органдардың ғана жұмыс жасауы жеткіліксіз болуда. Сол мемлекеттің азаматтарының басым бөлігі, әсіресе, үлкен өмірге жаңадан аяқ басып жатқан жастар өзінің күнделікті өміріндеғі іс-әрекеттерінің заңға қайшы болмауын жүзеге асыруы үшін еліміздегі қолданыстағы заңнамаларды білуі қажет.

Жетісай ауданы әкімі аппаратының және аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық қорғау, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында «Құқықтық көмек» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – құқықтық ақысыз қызмет көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесу, жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің санын азайту, қайталама мағыналас өтініштерді болдырмау.
Прокуратура және полиция қызметкерлері, адвокаттар, сот орындаушылар, нотариустар, заң консультанттары мен тиісті мекеме өкілдері халыққа ақысыз заңгерлік көмек көрсетіп және кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өздеріне қажетті мәселелер бойынша түсініктемелер алды.
Бұл шарада 30-ға жуық тұрғынға мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде: алимент өндіріп алу, жеке сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтар, алаяқтыққа қатысты өтініштер, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, бойынша заң көмегі түсіндірілді.
Бұдан бөлек әлеуметтік салаларға қатысты жер телімін алуға кезекке тұру, тұрғын үймен қамтылу, жұмыспен қамтылу және ата-анасынан айырылған балаларға қатысты көрсетілетін құқықтық көмек бойынша тұрғындар сала мамандарына жүгінді.
Азаматтарды толғандырған сауалдарға, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер берілді.