КАНАЛ ТАЗАЛАНЫП, ЖАҢА КӨПІР САЛЫНУДА

0
61

Түркістан облысында инфрақұрылымдарды салу мен жөндеу, жаңалау мен тазалау жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Шұбар ауыл округінде болып, ондағы каналдардың қазіргі жағдайымен танысты.
Аудан басшысы алдымен жылдар бойы мәселесі шешілмей келген “Балпан” каналында атқарылған жұмыстармен танысып, нысан басында шаруалармен кездесті. Одан кейін Аққойлы каналының жағдайын көріп, ондағы мәселелерді шешу үшін сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сапар барысында өңір басшысы ірі шаруашылық саналатын “Шұбар” өндірістік кооперативінің жұмыстарымен де танысты.
Ал, Сауран ауданына қарасты «Түркістан-Қарнақ» автомобиль жолының 8+750 шақырымындағы көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, көпір құрылысымен танысып, бақылау жүргізді. Құрылыс жұмыстары Түркістан облысы «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі мен мердігер мекеме «Сервис НС» ЖШС арасындағы келісім-шарт негізінде орындалуда. Көпірдің ұзындығы – 72, ені 9 метрді құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ескі көпір бұзылып, 72 дана темір бетон қадасы қағылып, 24 метрлік 27 дана ауыр жүк көліктеріне арналған арнайы темір бетон плита орнатылады. Бұдан бөлек, қоршау жұмыстары мен асфальт жабындылары төселеді. Қазіргі таңда ескі көпір бұзылып, 820 метр айналма жолы салынған. Сонымен қатар, 36 дана темір бетон қадасы қағылды.