АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАР САНЫ АЗАЮДА

0
49

«Қуатты өңір – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыруда Түркістан облысын жоспарлы да жүйелі жұмыстар қарқынды іске асырылуда. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша нәтижелі жұмыстар айтарлықтай. Облыста өндірілген өнімдердің көлемін арттырумен қатар сапасын сақтау бағытында оларды сақтау орындары салынуда. Отандық өнімдердің импорттық өнімді алмастыруына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл үшін мемлекет тарапынан бірқатар бағдарламалар қабылданып, өңірлерде солар бойынша жұмыс жасалуда. Ауылдарда тұратын азаматтардың жұмыспен қамтылуы, өздерінің жеке кәсіптерін ашып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруіне мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Оған қоса өндірген өнімдерін аз шығын жұмсап, кететін шығындарды үнемдей отырып өндіру үшін озық технологияларды енгізу бағытында да көптеген қолдаулар бар. Ішкі және сыртқы инвестиция тартуға қоса, егістік, бау-бақшаға жұмсалатын судың шығынын азайта отырып өнімінің көлемін ұлғайту арқылы үнемшілдікпен мол табыс тауға да мүмкін жасалған.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы республикада көш бастады. Салаға инвестиция тартылып, 1,5 есеге өсті. Ал 2024 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласының көлемі 308,3 млрд. теңгені құрап, 106,2% деңгейінде қалыптасты.

Егістікті әртараптандыру нәтижесінде алдынғы жылы көкөніс, бақша дақылдарының 3,3 миллион тонна рекордтық өнімі жиналды. Соның арқасында облыс жиналған өнім бойынша республикада жоғарғы көрсеткішке ие болды. Түркістандық ауыл шаруашылығы еңбеккерлері нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында биыл 380 жұмыс орнымен 45 жобаны іске асыру жоспарланған болса, оның 13 жобасы іске қосылып, 136 жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау қуаттылықтарын арттыру мақсатында Сауран ауданында 1 гектар аумақта көкөніс сақтау қоймасы және 30 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік парк жобасы жүзеге асырылуда. Өндірістік ғимаратта 38 жобаны іске қосу көзделуде. Нәтижесінде 1 790 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар импорттық тауарды алмастыруға мүмкіндік береді.

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға өту жұмыстары жүргізілуде. Суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 18 мың гектарға қысқарды. «Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына» сәйкес, Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектарға енгізу қарастырылған. Оның ішінде биыл 22 мың гектар жоспарланса, 7 айда 13,1 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді.

Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағыттында 2 жергілікті кәсіпорын ашылуда. «BNK Group LTD» жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару зауыты болып табылады. Жыл соңына дейін қосыша 50 мың гектар алқапты тамшылатып суғару өндірісі іске қосылады. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны жылына 9 мың гектар алқапты тамшылатып суғару жүйесін шығаратын өндірісті толық іске қосады. Нәтижесінде, алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етілетін болады.

Жылыжай шаруашылықтарын қолдау мәселесін Үкімет алдында көтеріп, нәтижесінде жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілді. Осы мақсатқа өткен жылы қаржы бөлінді. Сондай-ақ, жылыжайларды бір орталықтан көмірмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілді.

«Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта жүргізілді. Бұл мақсатқа қаржы бөлініп, 3 256 жоба қаржыландырылды. Пилоттық жобаға 62 ауылдық округ белгіленіп, 62 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 3 413 жаңа жұмыс орны ашылды. Қосымша өнім өндіріліп, жобаға қатысушылардың орташа табысы өсті. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда.