ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

Мемлекеттің іргетасының мықты болуы ондағы азаматтардың шаңырағының, яғни отбасыларының берік болуымен де байланысты. Өйткені отбасылық құндылықтар сақталмаған үйлерде береке, ынтымақ болмайды.Ата-ананы құрметтеу, балаларды дұрыс тәрбиелеу жұмыстары да ақсап жатады. Сондықтан да, мемлекетіміз отбасылық саясатында отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүр-салттарды, заманауи отбасылық қажеттіліктер мен талаптарды ескере отырып, өнегелі отбасыны насихаттап, жастарға отбасылық болудың мәні мен мағынасын түсіндіріп, ұлттық таным түсінік пен діни танымда да отбасылық құндықытардың жоғары бағаланатынын жастарға жете ұғындырып, жалпы отбасының мықты да берік болуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді.
Түркістан облысында да отбасылық құндылықтар мен отбасыны жоспарлау жұмыстарына қатысты көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірқатары Отбасы күні мерекесіне орай өткен апталықта іске асырылуда.
«Отбасы күні» мерекесі аясында Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы-қоғамның тірегі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға теолог Бағдат Шәймерден, Жетісай ауданы мешітінің бас имамы Айдарбек Садыбеков пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Шара барысында отбасы — адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындығы жайлы ғибратты әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға отбасын берік ұстау үшін нақыл сөздер мен өмірден алынған ғибратты мысалдар айтылды. Шара соңыда «Отбасы — отан тірегі» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, полицейлер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Түркістан облысы полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқарма бастығының орынбасары Ерлан Шамшат, Есенгелді Шалабаев және Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Төлеген Сейдалиев Отбасы күні меркесіне орай қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицей Айтжан Құдіретуллаұлы Гайбуллаевтың шаңырағына арнайы барды.
Айтжан ағамыздың жұбайы Гаухар Сүйлейменова мен оның отбасын мерекемен құттықтап, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының Алғыс хатын арнайы табыстады.
Өз міндетін абыроймен атқарған полицейлерге деген құрмет ешқашан толастаған емес. Осының бір айғағы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицей Айтжан Құдіретуллаұлы Гайбуллаевтың атына өзі білім алған «Бабайқорған» мектебінен «Батылдық бұрышы» мен Кадет сыныбы ашылған. Онда тәртіп сақшысының өмірбаяны мен суреттері қойылған.
«Отбасы күні» мерекесіне орай «Отбасын жоспарлау» тақырыбында Төлеби аудандық полиция бөлімі мен аудандық Жастар ресуртық орталығы бірлесе отырып, жастармен кездесу өткізді.
Аталған шараға Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айдаркүл Рахишова, полиция капитаны Ақмарал Боташева, Әйел қыздар секторының жетекшісі Жазира ханым, Ленгір қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері Аязова Салтанат және Ленгір қаласы № 8 кәсіптік колледж студенттері қатысты.
Шараға қатысқан мамандар жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда белең алып отырған мәселелерге тоқталды. Бұл жиыннан жастар ажырасудың алдын алу және отбасын нығайту, отбасы құндылықтарын сақтау туралы қызықты ақпараттар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап таба білді.