ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ ШАРУАЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

0
53

Мемлекеттің экономикалық дамуы қарқынды болуы үшін, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жоғары деңгейде болуы үшін бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қажет. Қазақстан Республикасында бұл мәселеге үнемі назар аударылып, кәсіпкерлікті бастау, бизнес-жоспарын дауындаудан бастап қалай жүргізуге дейін кәсіпкерлік орталықтарында арнайы түсіндіріліп, сертификаттар тапсырылады. Бизнес-жоспарларын қорғаған азаматтар мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына сәйкес грант алып жеке кәсібін бастайды. Мемлекет одан әрі де шағын кәсіпкерлік иесіне түрлі бағдарламалармен, гранттармен, жеңілдіктермен қолдауды жалғастыра береді. Дегенмен, жеке кәсібін бастап жүргізіп жатқан кәсіпкерлер тәжірибесіздіктен жұмысын қарқынды жүргізе алмауы, өнім өндірудің көлемін арттыру, үнемшілдіктің жолдарын жете білмеуі мүмкін. Сондықтан да шағын кәсіпкерлікпен айналысушыларды жергілікті әкімдіктер қолдай отырып, олардың елдің басқа аумақтарынан немесе жақын және алыс шетелдердегі кәсіпкерліктердің озық тәжірибелерінен үйренуіне мүмкіндіктер жасайды.

Түркістан облысында кәсіпкерлікті жүргізу, инвестиция тарту, инновациялық әдістерді үйрету, аз шығынмен мол өнім өндіру, өнімнің сапасын көтеру сияқты кәсіпкерліктің маңызды мәселелеріне байланысты озық тәжірибелермен таныстыру, тәжірибе алмасу үшін іс-шаралар ұйымдастырып, кәсіпкерлерге мүмкіндік жасап отырады.

Таяуда Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов ауданның шаруа қожалық басышалары және жеке кәсіпкерлерімен инвестиция тарту мақсатында жиын өткізді.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының өңірлерге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тапсырмасы берліген болатын. Ағымдағы жылдың 28-30 тамыз күндері аудан әкімі Б.Насырханұлы бастаған жеке кәсікпкерлерден және аудандық маслихат депутаттарынан құралған делегация Өзбекстан мемлекетінің Наманган, Әндіжан, Ферғана облыстарында болып, тәжірибе алмасып қайтқан болатын.

Іс-сапар барысында мақтааралдық кәсіпкерлер өзбекстандық бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысып, олардың жұмыс жасау, инвестиция тарту, инновациялық әдістерді қолдану тәжірибелерімен танысып, бірлесіп жұмыстар атқару бойынша келіссөздер жүргізілген болатын. Осыған орай, ауданымыздағы шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлерімен кеңесу және алдағы уақытта атқарылатын инвестициялық жобаларды талқылау, мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында ауқымды жиналыс өткізілді.

Жиын барысында аудан әкімі Б.Асанов көрші мемлекеттің тәжірибесін ала отырып, өзіміздің өңірде, жеңіл өнеркәсіп саласын, аяқ киім тігу, жихаздар құрастыру және қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласында жұмыстар атқаруымыз қажеттігін айтып өтті. Сондай-ақ, жиын барысында іс-сапармен барып қайтқан кәсіпкерлер және маслихат депутаттары да өз ойларын жеткізді.

Халықтың сұранысына сәйкес, алдағы уақытта инвестициялық жобаларды көбейту мақсатында әрбір ауылдық округі аумағында түрлі кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлерді жинап қажетті мамандардың қатысуымен жиі жиындар ұйымдастыру сұралды.