БАЛАБАҚШАДАН БАСТАП ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕ

Мемлекет басшысы өзінің жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде жас ұрпақ мәселесіне қатысты үнемі айтып келеді. Оның айтуынша қазақстандық бүлдіршендерді балабақша қабырғасынан бастап жан-жақты тәрбиелеуді жүзеге асыру қажет. Өйткені, қазіргі зымыран заманда әлемдік жаңашылдыққа толы ғылым мен техниканың дауын игеру үшін жастайынан сол салалардан хабардар болу беруі керек. Сонда олар ертеңгі күні мектеп қабырғасында озық та инновациялық, цифрлық технологияларды, робототехника мен аити, жасанды интеллект жобаларын да жетік түсініп, тез игеріп әкетуге бейім болады. Түркістан облысында жас ұрпақты заманауи озық технологиялармен жастайынан таныстырып, оларды игеруіне мүмкіндіктер жасау жеткілікті дәрежеде қолға алынған. Мәселен, Келес ауданындағы «Алтын-ай» бөбекжай балабақшасында тәрбиеленушілері жас кезінен техниканың қыр сырын меңгеруде. Бұл балалардың конструкторлық құрастырушы қабілетін арттыра түседі, дейді балабақша меңгерушісі Утенбаева Айгул Каттабековна.
— Балабақшамызда әр тәрбиеленушінің қызығушылығы ескеріледі. Қазіргі таңдағы балалардың басым қызығушылығы «Жасанды интеллект», «Робототехника» тағы басқа қызықты техникалық құралдар болып табылуда. Болашақта балабақшамызда ІТ кабинетін ашу жоспарлануда. «Жас техниктер жарқын болашағымыздың кепілі» демекші бүлдіршіндерге заман талабына сай етіп шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту мақсатында қолжетімді заттардан құрылыс көліктерін жасадық. Экскаватор жасалу барысында қолжетімді заттарды қолдандық. Балабақшамыздағы жас техниктермен осындай шығармашылық жұмыстар санын арттыру алға қойған мақсатымыз, — дейді меңгеруші.
Айта кету керек, қазіргі таңда аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымында 8 топта 190 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар, балабақша ұжымы ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін аптаның әр сәрсенбі күнін «Ұлттық күн» деп те белгілеген.
Аудандық балабақшада осылай болашақ ұрпақтың жан-жақты білімді де білікті болуына іргетас қаланып, отаншылдығына негіз жасалынып жатса, мектеп қабырғаларында балалардың бейімділігіне қарай қалаған саласын жетік меңгеруге, қалаған мамандығының қыры мен сырын мектептен бастап білуіне жағдай жасалынған. Соның арқасында көптеген пәндерден үздік оқитын, өз бетінше қосымша көп ізденетін оқушылар көп. Солардың бірі Келес ауданына қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының 9-сынып оқушысы Құрбанов Айбек Равшанбекұлы қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, ұйғыр тілдерін меңгеріп, білімін жетілдіруде.
Айбектің дарыны тек тіл үйренуде ғана көрінбейді, ол сонымен қатар биология, химия сияқты нақты ғылымдарға да қызығушылық танытады. Болашақта тіс дәрігері болғысы келетін оқушы көп тілді меңгергеннің пайдасы көп екендігі айтады.
— Қазіргі таңда көп тілді меңгеру заман талабы. Тілді үйренемін деген достарыма қазір барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Қазір ағылшын тілімді жетілдіріп жатырмын. Сөздіктермен жұмыс жасаған ұнайды. Кітаптарды көп оқимын, — дейді дарынды бала.
№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлтусын Әнуарқызы жас дарынның оқуда озат екендігін айтады.
— Айбек сыныпта алғыр, тапсырмаларды тез орындайды. Түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Отбасында 3 бала бар, — дейді мектеп мұғалімі.
№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясында қазіргі таңда 2000-нан аса оқушы білім алады.