ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

0
187

«Отан – отбасынан басталады» дегендей еліміздегі әр отбасының мықты болуы мемлекеттің іргетасының берік болуының кепілі десек артық емес. Сондықтан да Түркістан облысында Отбасы күні мерекесіне орай апталық өткізіліп, отбасынылық құндылықтар мен отбасылық қарым-қатынастарды насихаттауға арналған көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Сондай отбасылық шаралардың бірі Ордабасы ауданының орталығы Темірлан селосындағы Қажымұқан атындағы стадионда Отбасы күніне орай отбасылық сайыс ұйымдастырылып, 8 отбасыдан құралған команда 7 түрлі шарттарды орындау, яғни спорттың қол күрес және эстафеталық түрінен бақ сынасты.
Өткізілген спорттық сайыстың басты мақсаты – отбасының ынтымағы мен бірлігін нығайтумен қатар балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық ойын түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылығын арттыру және ата-аналар арасында қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сайыс нәтижесімен бірінші орын Мұсаевтар отбасына, екінші орын Сапарәлі отбасына бүйырса, ал үшінші орынды Шатырбаевтар отбасы иеленді. Жеңімпаз бен жүлделі орындар иелеріне бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталып, «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Іс-шара соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Ерген Алдабергенов сайысқа қатысқан отбасыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы 6 қазанда өтетін референдумда өз таңдауын жасауға шақырды.