РЕФЕРЕНДУМДЫ ӨТКІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
66

Еліміздегі ең маңызды оқиға 6-шы қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тіртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын Жолдауында ерекше атап көрсетті. Түркістан облысына референдумға дайындық пен ұйымдастыру, оны түсіндіру бойынша іс-шаралар басталып кетті.

Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының бекіткен жоспарына сәйкес, Отырар аудандық мәдениет сарайында «Референдумды дайындау және өткізу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелері, учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен комиссия хатшылары қатысты. Түркістан облысы аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ильяс Қалжанұлы Қаланов мен Түркістан қаласы аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Әділхан Атымтайұлы Масабаев референдумға дайындық және өткізуді ұйымдастыру мәселелері, ақпараттандыру, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, байқау және үгіт, қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ референдум кезінде комиссияның тікелей міндеттеріне кіретін әрекеттері жөнінде толық түсіндіріп, сайлаушылардың тізімдерін нақтылау үшін тұрғындармен тығыз байланыс орнату, сайлау науқандарында мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін, олардың саяси науқандардан шет қалмауын тиянақтау мақсатында нақты тапсырмалар берді. Отырар аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әубәкірұлы Жұбаев өткізілген оқу-семинарының тиімділігін атап көрсетіп, Түркістан облысы референдум комиссиясы мүшелеріне алғысын білдірді. Семинар қорытындысымен қатысушылар заңнамалар бойынша тест сұрақтарына жауап берді.

Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының жоспарына сай, Бәйдібек ауданында 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумға байланысты семинар өтті. Оқыту семинарына референдум комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасарлары және хатшылары, барлығы 157 адам қатысты.

Семинар барысында Түркістан облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Каланов Ілияс Сұлтанұлы референдумның негізгі кезеңдеріне, ерекшеліктеріне және ұйымдастыру мен дайындық жұмыстары туралы, Түркістан қалалық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Масабаев Әділхан Атымтайұлы байқаушылардың, БАҚ өкілдерінің құқықтары мен жауапкершіліктері жөнінде баяндады. Сол сияқты Бәйдібек аудандық референдум комиссиясының төрағасы Қырықбаев Марат Есіркепұлы референдумды ұйымдастыру және өткізу кезеңдеріндегі комиссия мүшелерінің міндеттері мен жауапкершілік мәселесіне тоқталды.

ҚР Орталық референдум комиссиясының «Референдум өтетін күн», «Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азматтардың тізіміне енгізілгенін тексеру туралы» бейнероликтері көрсетілді. Сонымен бірге, референдум туралы білімдерін зерделеу мақсатында комиссия мүшелерінен тест алынды.

2024 жылғы 4 қыркүйекте Арыс қалалық референдум комиссия мүшелерінің 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру, дайындық жұмыстары бойынша отырысы өтті.

Қалалық референдум комиссиясының төрағасы Е.Маханов республикалық референдумға дайындық, ұйымдастыру жұмыстарына, учаскелік референдум комиссияларының мүшелерін оқыту мәселелеріне тоқталып өтті.

Комиссия хатшысы Е. Мұратов республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Комиссия төрағасының орынбасары Н. Әділбеков республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру туралы, комиссия мүшесі Б. Тағаев республикалық референдумды өткізу кезінде мүгедектіктігі бар адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін баяндады. Отырысты қорытындылаған қалалық референдум комиссиясының төрағасы Е. Маханов комиссия мүшелерін алдағы өтілетін референдумды өз дәрежесінде атқаруға шақырды.