ТАУАРЛЫҚ НЕСИЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА НАЗАР АУДАРУ ҚАЖЕТ

0
57

Жуырда Президент халыққа Жолдауында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына оң баға берді. «Азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы  керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі.

Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет.

Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды». «Ауыл аманаты» және басқа да жеңілдіктер мен қолдаулар қарастырылған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеке кәсіптерін ашып, оны нәтижелі жүзеге асырушылар қатары көбейіп келеді.

Жеңілдетілген несиенің артықшылығын Түркістан облысының ауыл тұрғындары да көрді. Солардың бірі, Сауран ауданы Оранғай ауылынан Бабыр Насыров дәнекерлеу және жиһаз цехын ашқан. Осы мақсатта ол 5 млн теңге көлемінде несие алды. Сатып алынған жабдықтың көмегімен ол құрылыс үшін металл конструкциялар, жиһаз жасайды.

«Қазір менде тұрақты негізде 12 адам жұмыс істейді. Тапсырыстар көп болған кезде қосымша адамдарды тартамын. Өнімге деген сұраныс өте үлкен. Сондықтан жақын арада өз ісімді кеңейтуді жоспарлап отырмын», — дейді кәсіпкер.

Ауылдың тағы бір тұрғыны Бахадир Израилов жоба арқылы ауласында мал бордақылау алаңын ұйымдастырды. Жергілікті кооператив мүшелеріне мал азығы төмендетілген бағамен беріледі. Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жолға қойылған. Берілген егіс алқаптарында бидай, жоңышқа, жүгері өсіріледі. Қазығұрт ауданы Айнатас ауылында ауыл тұрғындарының өнім көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі назар өнімді қайта өңдеуге аударылды.

«Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарына өз ісін түрлі бағытта ашуға мүмкіндік берді. Біреуі жартылай фабрикаттар, екіншісі ұлттық киімдер мен ат әбзелдерін шығарады. Түйеқұс жұмыртқаларын сатумен айналысқандар да бар.

Қалдықтарды қайта өңдеушілер ерекше назар аудартты. Мысалы, Амантай Аңдасов пластикалық қалдықтардан түрлі тұрмыстық керек-жарақтар жасайды. Тағы бір тұрғын қағаз қоқыстан лотоктар өндіруді жолға қойса, тағы бір қатысушы ағаш қалдықтарынан көмір өндіріп жүр. Вице-премьер жобаларға жоғары баға беріп, бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасының жақсы жалғасы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Бизнес бастауға берілген өтеусіз гранттар да оң нәтижеге жетелейді. Мысалы, Есбол Ерден биыл станокқа қол жеткізіп, ол үшін шамамен 1,5 млн теңге алған. Металдан түрлі заттар жасап, ою-өрнегі бар қақпалар дайындайды. Ол өндірісте ұлттық стилді қолданғанды жөн көреді.

Өңірге сапар аясында Тамара Дүйсенова ауылдық округ әкімдерімен кеңес өткізді. Онда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру шаралары талқыланды. Президент Қазақстан халқына Жолдауында атаулы қолдау көрсетуге назар аударды. Отбасының цифрлық картасы деректері негізінде отбасылардың әл-ауқаты деңгейіне байланысты 5 санаты анықталды.

Дағдарыстық және шұғыл санаттағы отбасылармен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қолдаудың неғұрлым оңтайлы шаралары пайдаланылуы тиіс. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Бір ауыл – бір өнім» тәсілін енгізу жоспары туралы баяндады. Оның мәні – жергілікті шикізаттан жоғары құнды өнім өндіру. Вице-премьер бұл бастамаға оң баға берді. Вице-премьер бастаманы оң бағалады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тауарлық несиені пайдалануға назар аударды. Тамара Дүйсенова әкімдерді осы құралдарды белсенді пайдалануға шақырды.