СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

0
62

Мемлекеттің дамуын тежеп, халықты сарсаңға салып, қоғамның қадірін қашыратын құбылыс – сыбайлас жемқорлық пен парақорлық дерттері. Сыбайлас жемқорлық жегі құрт сияқты іштен жеп қоғамды бұзады, адамдардың әділдікке, билікке сеніміне селкеу түсіріп, болашағын бұлдыр етеді. Сондықтан да қоғамның жегі құртындай болған сыбайлас жемқорлыққа ұарсы күрес мемлекет тарапынан да халық тарапынан да бірлесіп жүргізілуі керек. Азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың қаупі, ол үшін тартылатын жазаның қаталдығы, заңсыз жолмен табылған табыстың құрдымға сүйреп, абыройдан айыратындығы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның, адамдардың төзбеушілік қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуі қажет.

Түркістан облысының қала, аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу мен оған төзбестікті тәрбиелеу, жұртшылыққа заңдылықтарды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық үшін тартылатын жазалармен таныстыру бағытындағы жұмыстар, акциялар тұрақты жүзеге асырылып келеді.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Тұңғышбаев Ерұлан Икрамұлы және Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Иматов Қанат Абдурахманұлының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Ерұлан Икрамұлы өз баяндамасында Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістеріне қатысушылардың назарын аударды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігін тоқтату. Бұл арқылы жемқорлардың артықшылықтары жойылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қанат Иматов осы талқылаудағы басты бағыттар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алмау үшін барлық мүмкін жағдайларды жасау, заңды бұзу фактілерінің алдын алу бойынша қажетті шаралар атқарылатынын айтып, Мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, алдын алу, ойын мекемелеріне барудан бас тарту керектігін жеткізді.

Жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, басшылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Колл орталығына (1424 ) дереу хабарлау керектігін ескертті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 санды Қаулысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген.

Жоспардың 20-тармағын орындау мақсатында, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 19:00 аралығында (бір күн) Мемлекеттік органдарда «Ашық есік күні» акциясы

ұйымдастырылды.

Акция аясында кез келген азамат алдын-ала жазылусыз аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының қабылдауында болып, көтерген мәселелеріне тиісті жауаптарын алды.

Айта кетейік, аталған акция аудан көлемінде екінші рет ұйымдастырылуда және бұл акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.