БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
47

Мемлекет басшысының биылғы жолдауында бүкіл дүниежүзіндегідей елімізде де біртіндеп энергетикалық тапшылық орын ала бастағанығ мемлекеттің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін, халықтың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін электр қуатының қажеттілігі аса маңызды факторлардың бірі екені айтылды. Сонымен бірге, елімізде былтырдан бері Атом электр станциясын салуға байланысты өткен талқылаулар біткенін, сондықтан да 6-шы қазан күніне жалпыұлттық референдум өткізуді белгілейтіні де хабарлаған болатын.

Атом электр станциясын салу өте маңызды да үлкен жауапкершілікті қажет ететін мәселе болғандықтан мемлекет қазақстандықтармен оны талқылап, енді референдум арқылы салу салмауды шешпек. Мұндай маңызды мәселені халыққа түсіндіру мақсатында елімізде, оның ішінде облыстар, қала, аудандарда қоғамдық бастамалармен түрлі топтар, штабтар құрылып, тұрғындарға мәселенің мәнісін түсіндіруді бастады.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Түркістан облыстық халықтық штаб мүшелері Н.Әбішев, З. Қамбарова және Шардара аудандық халықтық штаб мүшелері Е.Бекет, Б.Муталиев СПК » Хамит» балық өңдеу зауытының мамандарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндіріп, ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Өз кезегінде СПК «Хамит» балық өңдеу зауытының мамандары Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Сонымен қатар, АЭС салуды қолдау жөніндегі Шардара аудандық халықтық штаб мүшелері Е.Бекет, Т.Бердібеков, спорт мамандарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Басқосуда штаб мүшелері АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету екенін жеткізді. Сондай-ақ, олар бүгінгі күні мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатқанын тілге тиек етіп, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейтінін түсіндіріп, ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін АЭС салу жөніндегі референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Өз кезегінде, спорт мамандары Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Сол сияқты Түлкібас кент клубында «АЭС — тің халық үшін тиімді тұстары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ардагерлер,әкімшілік мамандары,мұғалімдер, жас мамандар қатысты.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы- С.Тоғыспаев АЭС- тің халық үшін тиімді тұстары мен қажеттілігі туралы айтып өтті.Адагер ұстаз Құттыбай ағай АЭС- тің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы айтып, халық саулығы мен қоршаған ортаға әсері қалай болар екен деп сауал тастады.

Кент әкімшілігінің бас маманы Г.Бердібекова мен жас маман Ф.Дуанабеков АЭС туралы өз ойларын ортаға салды.

Республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырамыз.